Тұздың пайдасы мен зияны

Тұз — ең таралған тағамдық қоспа. Дәрігерлер оны «ақ өлім» деп атап, тұздың күнделікті тұтынуын азайтуға кеңес беріп жатыр. Ол шынымен ағзаға зиян келтіруі мүмкін бе?

salt-3285024_640
Изображение Bruno Glätsch с сайта Pixabay

Пайдасы

Ерте заманда, тұзды азық-түлікті ұзақ мерзімге сақтау үшін қолданған. Ол бактериялардың өсуіне кедергі келтіріп, тағамның бұзылуына жол бермейді.

Тұздың құрамында натрий бар. Натрий — ағзаның көптеген процестерінде маңызды рөл атқарады. Бұл химиялық элемент, адам үшін ауадай қажет. Бірақ оны, шамадан тыс қолдануға болмайды.

Оның құрамындағы хлор — ас қорыту жүйесін реттейді. Хлор жеткіліксіз болған жағдайда — ішектің жұмысы бұзылады.

Тұз — депрессия және күйзеліске қарсы тұра алады. Ол бақыт және ұйқы гормонын өңдіруге көмектеседі.

Варикоз және остеопороз ауруларын болдырмайды.

Дәрі ретінде: тұмау, тіс аурулары, ангина, ларингит және дене буындары мазалаған кезде қолданылады.

Зияны

Бұл қоспаны көп мөлшерде тұтынған жағдайда, қан қысымы жоғарылап, жүрек-тамыр ауруларының болу қаупі артады.

Тұз көп қосылған тағамдар, ағзаға зиян келтіреді. Тұзды тағамнан кейін, адамның су ішкісі келеді, ішкен сұйықтық ағзадан шықпай, май жасушаларында жиналады. Сол себептен, зат алмасу процесі өзгеріп, организмның жұмысы бұзылады.

Натрийдің мөлшері — нормадан артық болса, денеде калий, кальций, магний, фосфор және темірдің құрамы азаяды. Нәтижесінде, түрлі аурулар пайда болуы мүмкін.

Теңіз тұзы, теңіздің суын тазарту арқылы алынады. Бірақ теңіз, ауыр металлдармен ластанғандықтан, ол тұздың құрамында да болуы мүмкін.

Тұтыну мөлшері

14 жастан асқан адамдарға, тәулігіне 2,3 грамм, яғни, бір қасық тұз қолдануға кеңес беріледі. Медициналық статистикаға сәйкес, натрийді көп мөлшерде тұтыну себебінен, жылына шамамен 1,6 миллион адам жүрек ауруларынан қайтыс болады. Жасы 50-ден асқан кісілер, тұздың күнделікті нормасын 1,5 граммға дейін төмендеткені дұрыс.