Тәуелсіздік монументі туралы мәлімет
Тәуелсіздік монументі — Алматы қаласының орталық алаңында орналасқан. Ғимарат 1996 жылы 16 желтоқсанда салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш қала қонақтарының ең танымал орындарының бірі.
Монументті орнату идеясын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Жобаның басқарушысы болып атақты сәулетші Шота Уәлиханов тағайындалды. Оған мүсіншілер А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансұров, Қ.Суранчиев, Қ.Сатыбалдин, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтахаев, дизайнер С.Қаламқаров және құрылысшы А.Ермегияев көмектесті.
Кешен 180 метрге созылып жатыр, ортасында биіктігі 28 метрді құрайтын тік стела орналасқан. Монумент қанатты барыстың үстінде тұрған 6 метрлік «Алтын адам» фигурасымен аяқталады. Төменгі жағында Қазақстан тәуелсіздігінің жарияланған күні туралы ақпарат жазылған.
Стеланың етегінде, бірнеше мүсін бар: «Дала данасы», «Жер-Ана» және құлынға мінген екі бала. Шабандоз балалар — республикамыздың жарқын болашағын бейнелейді. Фигуралардың барлығы оңтүстікке, тауларға қарай бағытталған.
Стеладан 18 метр қашықтықта рельефті мүсін қабырғалар орналастырылған. Бұл қабырғалар көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғаларды суреттейді: мемлекеттің құрылуы, үлкен апат жылдары, ұлт-азаттық қозғалыстар, дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік алуы және т.б.
Мемориалдық тақтадағы обелисктің етегінде Елбасының алақаны басылған «тілек кітабы» бар. 2007 жылы бұл кітапты белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Көп ұзамай ол қалпына келтірілді. Қолданылған материалдар: гранит, қола және бетон.
Өте керемет!
😃