Қоқиқаз туралы қысқаша мәлімет
Қоқиқаз — жер бетіндегі ең әдемі құстардың бірі. Негізгі бөлігі тропиктік және субтропиктік аймақтарда өмір сүреді. Қазақстанда қызғылт немесе кәдімгі қоқиқаз деп аталатын түрі кездеседі.
Фламинго — ұзын мойны мен жіңішке аяқтары бар нәзік құс. Туылған кезде жүнінің түсі сұр немесе ақ болады, өсе келе бояуы басқа түске өзгереді. Тұмсығының пішіні ерекше, ұзын және төмен қарай майысқан, тамақтану кезінде сүзгі қызметін атқарады. Қоқиқаздар бір аяқпен бірнеше сағат тұра алады. Бұл әрекет — құстарға жылуды сақтауға және энергияны үнемдеуге көмектеседі.
Құстарды Ақмола облысы, Қорғалжын қорығындағы Үлкен Теңіз көлінде байқауға болады. Олар наурыздың аяғында немесе сәуірдің басында алты айға көлге қоныс аударып, қыркүйек-қазан айларында оңтүстік елдерге қайтады. Теңгізден бөлек, Маңғыстау облысында орналасқан Қаракөл көлінде тіршілік етеді. Бұл аймаққа жылына екі рет — көктемде және күзде ұшып келеді.
Оның биіктігі 1,5 метрге, ал салмағы 4,5 кг-ға дейін жетеді. Қауырсындарының түсі қызғылт және ақ. Олар таяз тұзды көлдер мен батпақтарда тіршілік етеді. Азық табу қолжетімді және қауіпсіз аймақтарды таңдайды. Құстың 6 түрі белгілі, тағы жетеуі жойылып кеткен.
Қоқиқаз 50 жылға дейін өмір сүре алады, құс үшін бұл өте ұзақ уақыт. Ғалымдардың айтуынша, қанаттылардың саны азайып келеді, бірақ әзірге жойылып кету қаупі жоқ.
Сонда олардың нешеуі қалды?