Қасқыр туралы 25 қызықты мәлімет
Жер бетіндегі ең жұмбақ, ақылды және қатыгез жануарлардың бірі — қасқыр. Кейбір адамдар оған құрметпен, ал біреулері қорқынышпен қарайды. Бұл құпиясы ашылмаған жыртқыш аң жайлы қандай мәлімет білеміз?
- Қасқырлар 9 км қашықтықтағы дыбысты естей алады.
- Қасқырдың иіс сезу қабілеті, адамнан 100 есе күшті.
- Қасқырлар суда малтуды біледі, олар 13 километр бойы тоқтаусыз жүзе алады.
- Жаңа туған қасқыр, 4 айдың ішінде 30 есе өседі.
- Аш қасқыр 10 килограмм етті өзі жалғыз жеп қоюы мүмкін.
- Тамақтанбай 10 күн жүруге шамасы жетеді.
- Олар әрдайым көгілдір көзбен, соқыр және саңырау болып туылады.
- Жыртқыш аң болса да, ол сәбізбен және қарбызбен қоректене береді.
- Қасқырдың жүгіру жылдамдығы 65 км/с, ал секіру биіктігі шамамен 5 метр.
- Викингтер шайқас алдында рухын көтеру үшін, қасқырдың қанын ішкен.
- Ең үлкен қасқырдың салмағы 100 кг-дан аспайды.
- Ең ірі қасқырлар АҚШ-тың солтүстігінде және Канадада өмір сүреді, олардың өлшемінің ұзындығы 160 см, ал салмағы 90 кг-ға дейін жетеді.
- Ең кішкентайлары Таяу Шығыста, олардың салмағы шамамен 30 кг.
- Қасқырлар 20 минут бойы тоқтамай жүгіре алады.
- Қасқыр мен ит — алыс туыстар, бірақ ол итті тек азық ретінде ғана көреді.
- Қасқырды өзіне бағындыру немесе үй жануары қылдырып алу өте қиынға соғады.
- Ежелгі гректер қасқырды жеген адам, вампирге айналады деп сенген.
- Әдетте қарғалар бар жерде, қасқырлар да өмір сүреді.
- Түлкіні өлтіргенімен, оның етін жемейді.
- Үңгірлерде табылған қасқырлардың бейнесі 20000 жыл бұрын жасалған.
- Өзінің барлық уақытын азық іздеумен өткізеді.
- Қасқырдың миы иттің миынан 30%-ға үлкен.
- Бір түннің ішінде 80 шақырым жол жүріп өте алады.
- Ежелгі ғасырларда, қасқырлар тек шөлді және тропикалық ормандарда ғана өмір сүрген.
- Бұрын Ирландия елін «қасқырлардың жері» деп атаған, өйткені онда қасқыр үйірлері көптеп кездескен.
Қасқырдын асығын моинға не үшін тағады
Өте қызық
Қасқырдың тилин болтирик деп атайды
Жауап беру
Ағылшынша қызыл қасқыр туралы мәлімет болама
Қасқырдың тісін неге мойынға тұмар ретінде тағады?
Себебі қазақтар өте намысшыл қасқырларда сондай және қазақтарды қасқырларға теңейді
Өте қызыш гректер қасқырдын етін жесе вампирдеп жатқан жеріген қуып шығатын шығар😂