Дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелері

Әрине, барлығыз тамақтанғанды ұнатамыз. Алайда, дастарқан басында отыратын адамдардың алдында ұятқа қалмас үшін не істеу керек?

.jpg

10 ереже

Ұялы телефонды дыбыссыз режимге қойып, қалтаңызға салып қойыңыз. Ас кезінде біреу телефонға қоңырау шалса, кешірім сұрап, үстелден шығып кеткен соң ғана жауап берген дұрыс.

Қандай қасық болмасын, оны әрқашан оң қолыңызда ұстаңыз. Тамақтанып болған соң, қасықты үстелге немесе табақтың шетіне қойған дұрыс емес. Ол ыдыстың ішінде қалуы керек.

Қонақта болғанда, ешқашан тамақ ішуден бас тартпаңыз. Мұндай әрекетпен, сіз үй иелерін ренжітіп алуыңыз мүмкін. Қарын тоқ болсада, ауыз тигізу керек.

Бас табаққа жақын болсаңыз, алдымен алшақ отырған адамдарға салып беріңіз. Ал, өзіңізден алыс орналасқан тағамның дәмін татқыңыз келсе, оған қолыңызды созбай, сыпайы түрде беріп жіберуін сұраңыз.

Дастарқан басында тіке отырыңыз, орындыққа сүйенбеңіз және шынтағыңызды үстелдің үстіне қоймаңыз: бұл әрекеттермен сіз көршіңізге кедергі келтіресіз. Ешқашан тамаққа толы ауызбен сөйлемеңіз, алдымен асыңызды толығымен жұтып қойған жөн. Мүмкіндігінше, дыбыс шығармай тамақтануға тырысыңыз.

Ет жеу кезінде, пышақ пен шанышқыны қолданыңыз. Пышақ — оң қолда, шанышқы — сол қолда болуы керек. Пышақтың көмегімен етті кішкене кесектерге кесіп, шанышқымен жеп отырыңыз.

Егер себетте, бір тілім нан ғана қалса, оны алдымен қонақтарға ұсыну керек.

Дастарқанға бірінші болып отыруға асықпай, үлкен кісілердің отырғанын күтіңіз.

Дастарқанға отырғаннан кейін, тізеңізге майлық (салфетка) қойыңыз. Қолыңызды және ауызыңызды майлықтармен ғана сүртіңіз, бұл үшін ешқашан киіміңізді немесе асжаулықты қолданбаңыз.

Ең бастысы: тамақ әзірлеген адамдарға алғыс айтуды ұмытпаңыз!

Ұқсас: Қалай дұрыс тамақтану керек?