Балықтар туралы қызықты мәліметтер

Әлемде балықтың 20000-нан астам түрі бар екенін білесіз бе? Балықтар туралы көбірек ақпарат білгіңіз келсе, келесі мақаланы оқыңыз.

.jpg

Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер

Балық жайлы 20 мәлімет

  1. Балықтар — динозаврлардан бұрын пайда болды, шамамен 450 миллион жыл бұрын.
  2. Ерін далабын (губная помада) — балықтың терісінен жасайды.
  3. Жануарлардың арасындағы ең қатты дыбысты — кит шығарады.
  4. Жер шарындағы ең ірі балық — кит акуласы. Оның ұзындығы поездтың екі вагонымен бірдей (18 метр), ал салмағы — 25000 килограмм.
  5. Акулаларда сүйек болмайды, тек шеміршек ғана.
  6. «Chindlerie praematurus» балығының салмағы — 2 миллиграмм ғана.
  7. Оңтүстік Азияда кездесетін, Анабус деп аталатын балықтың түрі — суда да, жерде де тыныс ала алатын қабілеті бар.
  8. Көзі ең үлкен балық — кальмар. Оның көзінің диаметрі — 40 см, бұл адам көзінен 100 есе үлкен.
  9. Ұшатын балық — судан 6 метрге дейінгі биіктікке көтеріліп, 400 метр бойы ұша алады.
  10. Бөрібалық (пиранья) — ең қауіпті балық түрі. Адамды бірнеше секундта өлтіруі мүмкін.
  11. Арована деп аталын балықты өз аквариумыңызда көргіңіз келсе, оның бағасы — 80000 доллар!
  12. Парусник балығы — ең жылдам балық. Оның жылдамдығы — 100 км/сағ.
  13. Тас балық — су әлемінің ең улы балығы.
  14. Қара теңізде өмір сүретін, алабұға балықтарының барлығы ұрғашы болып туылады. Тек біраз уақыттан кейін ғана жынысын өзгертеді.
  15. Латимерия — әлемдегі ең ежелгі балық.
  16. Акуланың шабуылынан гөрі, араның кесірінен көз жұматын адамдардың саны көп.
  17. Электрлі жыланбалық — тоқ соғу арқылы жылқыны өлтіре алады.
  18. Ат басты теңіз балығы (морской конек) — кез-келген бағытта қозғала алатын ерекше балық түрі.
  19. Балыққа бір күнде, өз салмағымен бірдей мөлшерде су ішу керек.
  20. Бассогигас есімді балықтар — 8000 метр тереңдікте өмір сүреді.

Ұқсас: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер