Алматы метрополитені туралы мәлімет
Алматы метрополитені — қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналды. Қала тұрғындары метроның ашылуын өте ұзақ күтті. Оның құрылысы 1988 жылы басталған болатын. Бірақ, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, құрылыс жұмыстары тоқтатылды.
Аймақтың сейсмикалық белсенділігі жоғары болғандықтан, құрылыс жұмыстары күрделі инженерлік-геологиялық жағдайда жүргізілді. Топырақтың ерекше физикалық-механикалық қасиеттері де, қазу жұмыстары барысында түрлі қиындықтар туғызды. Дегенмен, құрылыс аймағында жер асты суларының болмауын, жағымды фактор деп қарастыруға болады.
Метрополитен 2011 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Бастапқыда метро желісі 7 станциядан тұрды: Райымбек батыр, Жібек жолы, Алмалы, Абай, Байқоңыр, Мұхтар Әуезов театры және Алатау. Жалпы ұзындығы — 8,5 км болған. 2015 жылы Сайран-Москва станциялары ашылғаннан кейін, ол тағы 2,74 километрге ұзарды.
2022 жылы 30 мамырда Сарыарқа және Бауыржан Момышұлы пайдалануға берілді. Енді метроның ұзындығы 3,1 шақырымға артып, 13,4 шақырымға жетті. Қала басшылығының жоспарына сәйкес, жаңа станциялардың көмегімен Алматы метрополитені күніне 80 мыңнан астам жолаушыны тасымалдай алады.
Метрода оңтүстіккореялық Hyundai Rotem компаниясы шығарған жеті пойыз құрамы жұмыс істейді. Барлық вагондар бейнебақылау камераларымен, ауаны баптау және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған. Вагондардың корпусы тот баспайтын болаттан жасалған, бұл пойыздардың қызмет ету мерзімін арттырады. 4 вагондық пойыздың жалпы ұзындығы – 77,8 м, салмағы – 142,4 тонна. Максималды техникалық жылдамдығы – 80 км/сағ.
Көп көп рақымет
Керемет ваууу тамаша маған унады
😘😘😘😘👋😊😊😊😊
Сайтқа қайта қайта кіре бергенсіңба
Мен осыны қанша іздеген едім Рахмет 🥰
Рахмет сіздерге
Өте жақсы нақты жазылған маған қатты ұнады🩵🩷💜
Рахмет өзімде осыны іздеп отыр едім
Мен осы дйректердй блмемпйн
Жақсы рақмет
Рақмет көп көп мен кәзір сабаққа бара жатырмын мен Н.Киікбаев мектеп інде оқыймын менің кабинеті 2 этаж 15 кабинет баяндауыш мен 5 сынып оқыймын бәріне пока
Оны неге аииттың
зор рахмет бырақ көп
Өте үлкен рахмет