Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?

Әлеуметтік желілер шамамен 10 жыл бұрын пайда болды, бірақ, қазіргі заманда оны қолданбайтын адамды табу өте қиын. Статистикаға сүйенсек, біздің еліміздің тұрғындарының 50%-ы осындай онлайн-платформаларда тіркелген. Оның жас ұрпаққа тигізетін әсері қандай?

.jpg

Ұқсас: Менің интернетсіз бір күнім (эссе)

Қазіргі жастар өз өмірін виртуалды байланыссыз елестете алмай, барлық бос уақытын интернетте өткізеді. Бірақ, егер оны шамадан тыс қолданбайтын болсаңыз, әлеуметтік желінің пайдалы жақтары жеткілікті. Мысалы, ұзақ уақыт бойы көрмеген таныстарыңызбен сөйлесуге және олардың фотосуреттерін көруге мүмкіндігіңіз бар. Соның арқасында, алыс жақта тұратын туыстарыңызбен үнемі байланыста болып, олар немен айналысып жүргенін біліп отырасыз.

Әлеуметтік желілер балалардың психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ғаламторда жиі отыратын жасөспірімдер құрдастарымен қарым-қатынасты үзіп, тұйық өмір салтын жүргізе бастайды. Нәтижесінде, шынайы өмірге бейімделу олар үшін қиынға соғады. Сондай-ақ, мұғалімдердің пікірінше, оқушының сабақ үлгерімінің төмендеуінің басты себебі де осы.

Виртуалды өмірге тәуелділікті — алкоголь немесе есірткі тәуелділігімен салыстырсақ, қателеспейміз. Оны жедел түрде шешуді қажет ететін проблемалардың қатарына кіргізуге болады. Әлеуметтік желілерді, ақылға қонымды мөлшерде пайдаланған жөн.

Ұқсас: Ғаламтордың пайдасы мен зияны (эссе)