Ақшаның пайда болу тарихы
Қазіргі қоғамның өмірін ақшасыз елестету қиын. Ол — тауарларды төлеудің басты құралы болып саналады. Көптеген адамдар ақшаның пайда болуын адамзаттың ең ұлы өнертабысы деп санайды.
Бұрыңғы заманда адамзат ақшасыз да оңай өмір сүрген. Ол кезде ақшаның қажеті жоқ еді, өйткені адамдар егіншілікпен күн көріп, өмір сүру үшін қажетті барлық нәрсе болған.
Қоғамның дамуына байланысты қажетті заттардың бәрін жасау қиынға соғып, адамдар материалдық құндылықтарымен алмаса бастады. Сөйтіп айырбас құралы — ақша пайда болды. Ақша ретінде тастар, зығыр маталар, күріштің дәндері және алтын пайдаланылды. Қазіргі кезде қарапайым бұйымдар қалай ақша ретінде қызмет ете алатындығын елестету қиын болғанымен, сол уақытта ол адамзат үшін айтарлықтай прогресс болды.
Шығу тарихы
Уақыт өте келе заттын құнын затпен төлеу, ыңғайсыз екені анықталды. Өйткені, заттар мен тағамдардың құны әр түрлі. Күміс пен алтын — б.з.д. 3 — 4 мың жылы Мысырда ақша ретінде қызмет етті. Б.з.д. XII ғасырда төлемдер үшін алтын сақиналар пайдаланылды. Мүмкін, олардың бастапқы функциясы тек саусақтарды әшекейлеу болған шығар, бірақ кейін олар төлем құралы ретінде қолданыла бастады.
Біз қолданатын «монета» (тиын) сөзін римдіктер ойлап тапты. Олар ақшаны басып шығаратын шеберхана ретінде Джуно Монетаның ғибадатханасын пайдаланды. Кейінірек ақша басып шығаратын барлық жер «монета» деген атқа ие болды.
Ағылшын нұсқасында бұл сөз «mint», ал французша — «mone» деп айтылады. Бұл сөзден, «money» деген сөз шықты. Монеталарды алғаш рет б.з. VIII-VII ғасырларында Грекияда қолданды.
Қағаз ақша қалай пайда болды?
Заманауи адам үшін әдеттегі қағаз ақша, алдымен 8 ғасырда Қытайда пайда болды. Бұл туралы Еуропаға 1286 жылы Қытайдан келген саяхатшы Марко Поло хабарлады. Алайда, қағаз ақша Еуропада тек 15-ші ғасырда ғана қолданыла бастады, Иоганн Гуттенберг баспа білдегін ойлап тапқан кезде. Бірақ, алтын өз позицияларын тапсыруға асығар емес еді, қағаз банкноталарға Франция, Англия, Америка Құрама Штаттары және басқа елдер тек 17-19-шы ғасырлар аралығында көшті.
Дегенмен, ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция, ақшаның эволюциясына ықпал етті. XIX ғасырдағы телеграфтың ойлап табылуы, электронды ақшаның дүниеге келуіне себепкер болды. Ол ақша айналымының даму серпілісіне үлкен үлес қосты. ХХ ғасырдың басында банк аударымдарының 80% -ы телеграф арқылы жасалды.
Уақыт өте пластикалық карталар жасалды, олар — электрондық әмиянның бір түрі. Сөйтіп, қағаз ақша біртіндеп айналымнан шығарыла бастады. Пластикалық карталардың артықшылықтары көп. Ең бастысы: қағаз ақшаға қарағанда, оны қалтада ұстау әлдеқайда ыңғайлы.
Компьютер мен интернеттің өнертабысы, электрондық ақшаның басқа түрі — Интернет-ақшаның өмірге келуіне септігін тигізді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының соңында, Интернет-пайдаланушыларға үйден шықпай төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі жасалды.
Болашақта қағаз және метал ақшаны, электронды ақшамен ауыстырылу күтүлуде. Сонымен қатар, кейбір сарапшылардың пікірінше, алдағы онжылдықта мемлекеттер бірыңғай әлемдік валютаға көшіп, халықаралық сауда процестері жеңілдейді.
Сондай-ақ, болашақта пластикалық карталарға да қажеттілік болмайтын сияқты, төлемдер адамның саусақ іздері немесе көздің бейнесі арқылы жүзеге асады деген тұжырым бар.