Су туралы қызықты мәліметтер
Сусыз өмірді елестету мүмкін емес, ол біздің өміріміздің және ағзамыздың негізі. Қазірдің өзінде ғалымдар оны зерттеп, жаңа деректер табуда. Су туралы біз не білеміз?
Су жайлы 15 мәлімет
- Адам ағзасының 70%-ы су.
- Барлық аурулардың 80%-дан астамы су арқылы беріледі. Осы аурулардан қаза болатын адамдар саны, шамамен 25 миллионды құрайды.
- Орташа есеппен алғанда, адам бір жылда шамамен 60 тонна суды пайдаланады.
- Жердің 70%-ын сулар қошап тұр. Ішуге болатыны 1% ғана.
- Егер барлық әлемдік мұздақтар еритін болса, мұхиттың деңгейі 60 метрден асады. Сонымен бірге жердің 1/8 бөлігі судың астында қалады.
- Сусыз адам екі-үш күн ғана шыдай алады.
- Ыстық су — суық судан гөрі тез қатады.
- Бір миллиард адам, таза ауыз суына қолын жеткізе алмай жүр. Айтпақшы, соңғы жарты ғасырда суға байланысты 20-дан астам соғыс болды.
- Медузалар — 99 пайыз судан тұрады.
- Жаңа туылған нәрестенің денесінде судың 86 пайызы болады. Қартайған адамда 50 пайыздай.
- ЮНЕСКО деректері бойынша ең таза су Финляндияда.
- Табиғатта судың шамамен 1330 түрі бар.
- Ол — сутегі және оттегінің химилялық қосылысы (H2O).
- Адам ағзасының дұрыс жұмысы үшін тәулігіне 2 литр таза суды ішу ұсынылады.
- Ең қымбат судың бағасы 90 доллар (1 литрі) және ол Лос-Анджелесте сатылады. Өндірушілердің айтуынша, ол мінсіз тазалық пен мінсіз дәмге ие. Өзі қымбат тастармен безендірілген. Ол суды бай адамдар көбінесе шөлді қандыру үшін емес, мәртебесін көрсету үшін сатып алады.
жаман екен
Ғажайып?
Размет сизге неизвестный
Тамаша
өте керемет жақсы мәлімет
Керемет су туралы біраз деректер білдім
Керемет ???
Оте керемет , кызыкты малиметтер жазылган. Ракмет!?
Онда өзің жаз
оте керемен оте маған ұнады
Су туралы өте қызықты мәліметтер алдым
Сабақа еді осыны айтып бермесем
Неге бәрі қате жазып отыр:/
Өткен күшті маған ұнады 🥰😍