Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

Судың негізгі тұтынушысы — адамдар. Ежелгі дәуірдегі ұлы өркениеттердің барлығы өзен аңғарларында қоныстанған.

Жердегі ең алғашқы организмдер шамамен 4 миллиард жыл бұрын суда пайда болып, дамып, кейін жағаға шыққан. Су барлық климаттық, геологиялық және биологиялық процестерге қатысады. Ол — жер бетіндегі ең көп таралған бейорганикалық қосылыс. Табиғатта үш күйі болады: қатты, сұйық және бу.

Маңызы

  1. Планетадағы әрбір тірі организм H2O-ға тәуелді. Су болмаса адамдар мен жануарлар түгілі, тіпті микроскопиялық бактериялардың өзі тіршілік ете алмас еді.
  2. Ол фотосинтез процесінде басты рөл атқарады, себебі сусыз өсімдіктер көмірқышқыл газын оттегіге айналдыра алмайды.
  3. Атмосферадағы су буы, жердегі тірі ағзаларды күн радиациясынан қорғайды.
  4. Әлемде көптеген су электр станциялары жұмыс жасайды. Бұл станциялар — судың табиғи күшін энергияға айналдыру арқылы, адамдарды электр қуатымен қамтамасыз етеді.
  5. Жер шарының қазіргі климаты гидросфераның, яғни мұхит-теңіздердің арқасында қалыптасады.