Заң — қоғамның тірегі (эссе)
Заң — қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құрал. Ол адамның құқықтарын зорлық-зомбылықтан, ұрлықтан және басқа да қол сұғушылықтардан қорғайды.
Заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе-теңдікті орнатады. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «тәртіпке бас иген адам құл болмайды». Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты міндеті — ол заңға бағыну. Егер заңдар болмаса қоғамда тәртіпсіздік пен бассыздық орын алатын еді. Мұндай ортада өмір сүру қорқынышты болып, сізді қылмыскерлер мен бұзақылардан қорғайтын күш болмайды.
Барлық адамдар заң алдында тең. Ол адамға не үшін қажет? Заңдардың арқасында адамдар өздерін әдептілік шеңберінде ұстап, құқық бұзушылық әрекеттер жасамауға тырысады. Бұл нормативтік-құқықтық актілер қоғамда маңызды рөл атқарады. Олсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Заңдар болмаған жағдайда, біз қорғаусыз қалып, өзіміздің және жақындарымыздың болашағына үреймен қарайтын едік.
Өздерін білетіндей, Конституция мемлекетіміздің негізгі заңы. Конституцияда адамның негізгі құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Менің ойымша, оларды шамалы болсын білген жөн, себебі, оның көмегімен сіз өзіңізді кез-келген жағдайда қорғай аласыз.