Темекі шегудің зияны
Темекі шегу — көптеген аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Статистика бойынша жыл сайын 6 миллионға жуық адам темекіні шегуден көз жұмады. Темекінің адам ағзасына зияны өте жоғары.
Қазіргі заманғы қоғамда темекі шегу еркектердің, әйелдердің, сонымен қатар балалардың да күнделікті әдетіне айналып кетті. Шылым тартатын адамдардың жалпы саны миллиардқа жуық. Никотин тәуелділігі адам ағзасына қауіпті. 20 темекіде (шегушілерлің орташа тәуліктік мөлшері) 130 мг никотин бар.
Темекі түтінінің құрамы:
-цианид;
-мышьяк;
-гидрокси қышқылы;
-көміртегі тотығы және т.б.
-полоний;
-қорғасын;
-висмут және басқалар.
Темекінің ағзаға зияны
Өкпе ісігімен (рак легких) ауратын адамдардың 90%-ы шылым шегушілер. Дәрігерлер бронхит пен эффизема ауруының 75%-ы темекінің шегуімен байланысты деп айтуда. Сонымен қатар, жүрек ауруы бар адамдар темекі тартудың нәтижесінде өмірлері едәуір қысқарады. Никотин есту аппаратына кері әсерін тигізеді. Улы заттар құлақтың ішкі құрылымдарының дұрыс жұмысын бұзады. Нәтижесінде бұл — ұйқының бұзылуына, иіс және дәм сезімінің төмендеуіне әкеледі. Никотин терінің нашарлауына, тістің қараюына және жағымсыз иістің пайда болуына ықпал етеді. Темекі шегетін адам тез қартаяды. Жүкті әйелдің жаман әдетке әуес болуы ұрықтың ағзасына зиянын келтіреді. Ішіндегі бала көбінесе мерзімінен бұрын туады. Туғасын олар жиі ауырып, дамуы жағынан құрдастарынан қалып қояды.
Шылымнан келетін зиянды пайызбен, грамммен және басқа өлшеу бірліктерімен өлшеу қиын. Оның адам ағзасына қауіптілігі өте үлкен. Бұл жерде никотиннің рөлі аз емес. Сарапшылар никотинді есірткіге теңейді, өйткені ол тәуелділік тудырады, сондықтан оны тастап кету өте қиын. Никотиннан ең үлкен зардапты бауыр шегеді.
Шылым шегуден болатын аурулар:
-қатерлі ісік түрлері;
-миокард инфарктісі;
-инсульт;
-өкпе тромбоэмболиясы;
-атеросклероз;
-соқырлық;
-саңыраулық;
-эндартериит;
импотенция;
бедеулік;
өкпенің эмфиземасы;
пневмония;
созылмалы бронхит;
тіс эмальіның бұзылуы;
асқазан-ішек аурулары;
дамудың артта қалуы;
ерте өлім.
Шылымның адамның ағзасына беретін зияны ізсіз қалмайды. Тіпті одан бас тартқан кезде де, оның әсері көптеген жылдар бойы сақталады. Темекі шегу бұл адамның өзіне-өзі мәйіт қазғанымен бірдей.
темекі шегетін адамнын адам бойындагы кандай касиеті жоғалады
Темеке шегетін адамның адам бойындағы көптеген қасиеті жоғалады.