Семирамида аспалы бағы жайлы мәлімет
Семирамида аспалы бақтары — көне заман әлемінің жеті кереметінің бірі.
Вавилонның бағы б.з.д. 7 ғасырда өмір сүрген Навуходоносор II патшаның бұйрығымен салынған. Сүйікті жары Амитис, құмды жазықта орналасқан шаңды Вавилонды ұнатпағандықтан, патша оған арнап жасанды бақ тұрғызуды ұйғарған.
Құрылыс жоспарын сол заманның ең үздік инженерлері мен құрылысшылары әзірледі. Ғимарат пирамида тәріздес 4 деңгейден тұрды. Бақшалардың қабаттары баспалдақтар мен өткелдер арқылы қосылды. Құрылым 25 метрлік бағаналармен бекітілді. Мұндай биіктік әр қабатта өсетін ағаштар күн сәулесіне жақын болуы үшін қажет болған.
Әлемнің түкпір-түкпірінен әртүрлі өсімдіктер, гүлдер мен шөптердің тұқымдары әкелінді. Вавилон жаңбыр сирек жауатын құрғақ аймақта орналасқандықтан, бақты суару мақсатында Евфрат өзенінің суы қолданылды. Су арнайы жасалған механизм арқылы төбеге жеткізіліп отырған. Оның жұмыс істеуі үшін құлдар дөңгелекті үнемі бұрап отыруға мәжбүр болды.
Деректерге сүйенсек, Амитис патшайым барлық уақытын осында бақта өткізген және өсімдіктерді аялап күткен. Бірақ, оның өлімінен кейін бақшаларға күтім жасалмай, ол бірте-бірте бұзыла бастаған. Тарихшылар бұл құрылым екі ғасыр ғана өмір сүрді деп есептейді. Қазіргі уақытта Вавилонның аспалы бағынан ештеңе қалмады. Ғалымдар тіпті оның нақты орнында көрсете алмайды.
Мен Абдуррошидпін
Өте керемет жазғаңсыз
Оте керемет мәлімет білдім
Күшті осы арқалы қазақ тілден 5 алп кетм жаксы кушты
Менде осыны іздед жүр едім рахмет
Рахмет сiздерге 5 алдым
Өте күшті бес алдым
Керемет осы арқылы Қазақ тілінен 9 балл алып келдім
Өзім білмейтін мәләметтерді білдім
Сіздерге көп көп рақмет айтамын мен осы мәліметтен егзаминді жақсы тапсырамын деген ойдамын