Құмырсқа туралы қызықты мәліметтер

Құмырсқалар кішкентай, бірақ өте төзімді және еңбекқор. Олар өмірдің кез-келген жағдайларында өмір сүре алады. Құмырсқа туралы қандай деректер білесіз?

.jpg

Құмырсқа жайлы 18 мәлімет

  1. Олар өздерінен 100 есе ауыр затты көтере алады.
  2. Құмырсқалар әлемдегі ең көп таралған жәндіктер. Олардың көптілігі соншалық, бір адам басына миллион құмырсқа келеді.
  3. Сондай-ақ, олар Жер бетіндегі ең көне жәндіктердің қатарына кіреді. Ғалымдардың айтуынша, алғашқы құмысқалар 100 миллион жыл бұрын өмір сүрген.
  4. Жер шарында құмырсқаның 8800 түрі бар.
  5. Құмырсқаның ең жақын туысы — ара.
  6. Ең кішкентай құмырсқалардың ұзындығы — 0,07 сантиметр, ал үлкені — 5 сантиметрге дейін жетуі мүмкін.
  7. Құмырсқалар — өте ақылды жәндіктер. Олардың миы 250 мың жасушадан тұрады.
  8. Бұл жәндіктер күніне 5 сағат ғана ұйықтайды.
  9. Құмырсқа қышқылы медицинада қоданылады. Одан жасалған дәрілермен сүйек, тамыр және буын аурулары емделеді.
  10. Paraponera clavata деп аталатын құмырсқаның тістегені жанға қатты батады, ауырсыну бір күн бойы жалғасуы әбден мүкмін.
  11. Ұйымда әрбір құмырсқаның өз міндеті және мамандығы бар (жауынгерлер, құрылысшылар, күзетшілер, тасымалдаушылар және т.б.).
  12. Құмырсқалардың орташа өмір сүру ұзақтығы 30-90 күн, бірақ олардың кейбір түрлері 30 жылға дейін өмір сүреді.
  13. Соғыс құмырсқалары деп аталатын бұл жәндіктердің түрлері —  жолында кездескен барлық тірі жандарды өлтіріп тастайды, олардың тіпті арыстанның өзі қашып кетеді екен.
  14. Егер құмырсқа жұмыс істемесе, ол илеуден қуылады.
  15. Мексиканың танымал тағамы — «Эскамола». Ол құмырсқадан жасалады және оның бір килограммы шамамен 90 доллар тұрады.
  16. Бірнеше тәулік бойы судың астында болғанымен, өміріне қауіп төнбейді.
  17. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым — мирмекология деп аталады.
  18. Олардың жұмыртқаларының дәмі балық уылдырығына ұқсас, оны көбіне Азия елдерінде қуырылған немесе тұздалған түрінде тамаққа қосады.