Есептеуіш техниканың даму тарихы

Компьютер — адамзат тарихындағы ең құнды өнертабыстардың бірі. Бұл техникалық құралды күнделікті өмірде миллиардтаған адам қолданады. Есептеуіш техниканы кім ойлап тапқанын білу үшін тарихқа көз жүгіртейік.

Дербес компьютер
Фото: beorganizing.com

Компьютер сөзі бізге XVIII-ші ғасырдан келген. Ол ағылшын тілінен аударғанда, «есептеуіш» дегенді білдіреді. XX-шы ғасырда бұл сөзді естіген адамдар, үлкен құрылғыны елестететін. Өйткені, оның салмағы 30 тоннаға дейін баратын!

Алғашқы компьютерлер

1642 жылы Блез Паскаль есімді француз математигі, ондық сандарды қосуға және көбейтуге арналған механизмді ойлап тапты. Оны «Паскалина» деп атады.

Паскалина
Фото: timetoast.com

XIX-шы ғасырдың аяғында, перфорациялы-есептеуіш машиналары жарық көрді. Бұл құрылғылар көбінесе бухгалтерлік есептер жүргізу үшін пайдаланған. Кейінірек Герман Холлерит, бұл  машиналарды шығаратын IBM компаниясын құрды. Қазіргі уақытта, IBM — ең ірі компьютер өңдіретін  команиялардың қатарына жатады.

Өткен ғасырдың ортасында, қазіргі компьютерлердің фунциясын атқаратын Z3 деп аталатын есептеуіш машинасы жасалды. Оның авторы неміс ғалымы Конрад Цузе болатын.

5-1

Электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ)

ENIAC деп аталған алғашқы электронды есептеуіш машиналары 1945 жылы Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қарапайым тапсырмалар орындағанымен, олар үлкен орын алатын және  көп электр энергиясын талап ететін. Сондықтан, ЭЕМ-дер тек ірі мекемелерде ғана болатын.

Бірақ, 1948 жылы транзистор ойлап табылып, сол кезден бастап компьютерлердің көлемі кішірейе бастады. Транзистордың арқасында, енді ЭЕМ-нің қуаты арта түсті және ақпаратты сақтауға арналған жедел жад (оперативная память) пайда болды.

1965 жылы PDP-8 шағын компьютері жасалды.

шағын
Фото: www.pdp8.net

1971 жылы Intel компаниясы, алғашқы микропроцессорды жарыққа шығарып, электрондық революция жасады. Осы жылдары компьютерлер үлкен танымалдыққа ие болды. Билл Гейтс «Альтаир» деп аталатын тілге түсініктеме бергішті әлемге көрсетті. Енді пайдаланушылар бағдармаларды жазуға мүмкіндік алды.

1981 жылы IBM PC 5150 — алғашқы дербес компьютері жарық көрді. Көптеген фирмалар компьютерлерді шығарумен айналыса бастады. Оның дамуына ең үлкен үлесін қосқан: IBM, Microsoft және Aplle компаниялары.

Біраз уақыттан кейін, бұл техникалық құралдар қуатты және ықшамды бола бастады. Қазіргі заманда, компьютердің орнын ноутбук, нетбук және планшеттер басып алуда.