Эратосфен туралы мәлімет
Эратосфен — ғылымға орасан зор үлесін қосқан ұлы адам. Ол география, филология, астрономия, геодезия салалары бойынша көптеген еңбектер қалдырған.
Өмірбаяны
Ғалым б.з.д. 276 жылы Африканың солтүстік бөлігіндегі Кирена қаласында дүниеге келген. Білімді Александрия және Афина қалаларында алды. 30 жасында Птолемей патшаның бұйрығымен Александрия кітапханасына жұмыс істеуге шақырылып, оны өмірінің соңына дейін басқарды.
Ең үлкен жетістігі — геометриялық құрылымлар мен астрономиялық бақылаулар арқылы планетаның радиусын есептеп шығарды. Ол еңбектерінің бірін «Географика» деп атап, оған өзі құрастырған дүние жүзінің алғашқы картасын еңгізді. Бұл кітаптың ықпалымен, жаңа ғылым – география пайда болды. Картаға салған сызбалары, кейінірек параллель және меридиан деп аталды. Жерді бес климаттық аумаққа бөлді.
Ғалымның математика бойынша да еңбектері бар, атап айтқанда жай сандарды табу әдісін ойлап тапқан («Эратосфен елегі»). Поэзияға келетін болсақ, оның шығармалары көп болған, бірақ бізге тек үзінділері ғана жетті.
Эратосфен б.з.б. 194 жылы өмірден озды. Соңғы жылдары көру қабілетінен айырылып, өз-өзіне қол жұмсаған. Көмекшілерімен бірге, кітапханадағы 700 мың папирусты сұрыптап үлгерген.
Ұқсас: Аристотель туралы мәлімет