Балалар туралы мәлімет

Балалар ата-аналардың басты қуанышы мен мақтанышы. Мемлекеттің ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы осы бүлдіршіндердің  қолында. Сіздерге арнап, балаларға қатысты ең қызықты фактілерді жинадық.

.jpg

Оңтүстік Кореяда өмір сүретін адамдардың жасы, басқа елдердегі құрдастарынан 1 жылға үлкен. Өйткені, анасының құрсағында болған  9 ай, құжатқа еңгізіледі.

Жаңа туылған нәрестенің ағзасында — 1 стақан қан ғана айналып жүреді.

Анасының құрсағында болған кезде, балаларда шаш және мұрт өседі. Бірақ, дүниеге келер алдында түсіп қалады.

7 айға дейін, олардың жүйке ұштарының көп бөлігі аузында орналасады. Сондықтан, қолына түскен барлық заттарды аузына салуға тырысады.

Бала туудың ең жоғары деңгейі — Нигерияда, орташа есеппен алғанда бір отбасы — 8 баланы тәрбиелеп отыр. Ал ең төмен көрсеткіш  Сингапурда.

Ең көп балалы әкенің есімі — марокколық Сұлтан Исмаил. Оның 340 қызы және 548 ұлы бар.

Рифка Станеску тарихтағы ең жас апа. Оның қызы 11 жасында үйінен қашып кетіп, ұл туған.

Туылғаннан кейін, нәрестелер бірнеше метрдегі қара және ақ түсті заттарды ғана көре алады. Себебі, олардың көру қабілеті әлі дамымаған.

Көздің жасы — жаңа туылған сәби 3 аптаға толған кезден бастап ғана шығады.

Статистика бойынша, әр бала күніне 900 сұрақ қояды.

Осы уақытқа дейін, Қытайда әрбір отбасыда 1 бала ғана асырауға болатын. Сол себепті, ата-аналар ұрпақты жалғастыру үшін ұл тууға тырысқан. Егер қыз болатын болса, түсік жасататын. Қазір ер адамдардың саны, әйелдерден 20 миллионға көп.

Сәбилердің тыныс алу жылдамдығы минутына 40 рет, ал ересектердікі 12-20 рет.

Уэльс мемлекетіндегі мектептердің бірінде, бастауыш сынып мұғалімі, Аяз ата шын мәнінде өмір сүрмейді деген сөзі үшін жұмыстан босатылды.

Зерттеулерге сәйкес, балалар өмірінің алғашқы 3 жылында, түс көрмейді.