Ақша туралы 20 мәлімет

Қазіргі заманда, ол өміріміздің ажырамас бөлігі. Қаржы — мыңдаған жылдар бойы, әлемдік экономиканың негізі болып саналады. Сондықтан, ақша жайлы қызықты деректермен таныс болыңыз.

мәлімет

Ұқсас: Ақшаның пайда болу тарихы

  1. Әлемдегі ең танымал банкнота — АҚШ-тың 100 доллары.
  2. Дүние жүзіндегі ең көп таралған валюта — франк.
  3. Қағаз ақша алғаш болып, Қытай мемлекетінде пайда болды.
  4. Ең алғашқы банкомат 1939 жылы Америкада жасалды.
  5. Банк сөзі итальян тілінен аударғанда, «үстел» дегенді білдіреді.
  6. Автралиялық 10 долларды екіге бөліп, әрбір жартысын 5 доллар ретінде пайдалануға болады.
  7. Ең ауыр тиын (монета) Швецияда жасалды, оның салмағы 19 кг болатын.
  8. Ең тұңғыш банк 1472 жылы Италияда ашылды. Бұл банк қазірде жұмыс істеп тұр.
  9. Американың 4 доллары, Зимбабве елінің 10 миллион долларымен тең!
  10. Ұлыбританияда 1 миллион фунт стерлингты құрайтын қағаз банкнота бар.
  11. Африкада ақша ретінде малды қолданған.
  12. Ең қымбат тиын — Цюрих қаласында өткен аукционда 314 мың долларға сатылып кетті.
  13. Әйгілі доллар белгісі — $ — АҚШ мемлекеті құрылмай тұрып, Мексикалық песоның белгісі болған.
  14. Ежелгі адамдар ақшаның орнына: тас, кептірілген балық, күріштің дақылдары, жүгері және т.б. қолданды.
  15. Қағаз ақшада 100 мыңға дейін микробтар болуы мүмкін.
  16. Колумбиялық есірткі королі Пабло Эскобар, орманда полициядан жасырынып жүргенде, жылыну үшін 2 миллион долларды жағып жіберген.
  17. 1918 жылы Американың Федералдық Банкі, телеграф арқылы тұңғыш рет ақша аударымын жасады. Сөйтіп, адамзат электрондық ақша дәуіріне көше бастады.
  18. Америка Құрама Штаттарында ақшаға тірі адамның бейнесін қоюға тыйым салынғаны туралы заң бар.
  19. Әлем бойынша ең көп қолданылатын банкнота — 500 евро.
  20. Планетадағы адамдардың үштен бірі, күніне 2 долларға ғана өмір сүреді.

Ұқсас: Банктен несие(кредит) алу дұрыс па?