Математикадан логикалық есептер

Балаларға арналған математикалық есептерді ұсынамыз. Әр тапсырманың жауаптары жазылған.

.jpg

Алдыңғы күні Айдостың жасы — 17-де болған. Ал келесі жылы ол 20-ға келеді. Бұл қалай сонда?

Жауабы

Бүгін 1 қаңтар болса, ал Айдостың туған күні 31 желтоқсан болған жағдайда: алдыңғы күні (30 желтоқсан) ол 17-де болды, кеше 18-ге толды, осы жылы 19-ға толады, ал келесі жылы 20 жасқа келеді.

[collapse]


Бір кісіге мынандай сұрақ қойылды:

— Сіздің жасыңыз нешеде?

— Менің жасым кейбір туысқандарымнан 600 есе үлкен.

Былай болу мүмкін бе?

Жауабы

Иә. Мысалға, бұл кісінің жасы 50-де болса (50 жыл=600ай), ал немересінің жасы 1 ай болғанда.

[collapse]


Қай кезде 15 санына қарап тұрып, 3 деп айтамыз?

Жауабы

Сағаттың тілі 15-те тұрған кезде.

[collapse]


Бес күнді атаңыз. Сандарды (1,2,3…) және аптаның күндерін (дүйсенбі, бейсенбі, сәрсенбі….) қолданбай.

Жауабы

алдыңгүні, кеше, бүгін, ертен, бүрсігүні.

[collapse]


Екі әкесі мен екі ұлы келе жатып, 3 алма тауып алды. Бөлген кезде, әрқайсына бір алмадан келді. Бұл қалай болды?

Жауабы

Бұл жерде 3 адам болған. Атасы, әкесі және немересі.

[collapse]


5 жұмыскер, 5 сағаттың ішінде тереңдігі 5 метр арық қазады. Ал, 100 сағаттың ішінде 100 метр арықты қазу үшін неше жұмыскер керек?

Жауабы

Осы 5 жұмыскер.

[collapse]


Цифрлар саны да, әріптер саны да 7 символдан тұратын санды атаңыз?

Жауабы

1000000 (миллион).

[collapse]


Егер түңгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күн ашық болады ма?

Жауабы

Жоқ, 72 сағаттан кейін қайтадан осы уақыт болады.

[collapse]


Екі кеме бір уақытта порттардан шығып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта тұрақты жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Бір кеменің жылдамдығы — 20 км/сағ, ал екіншісінікі — 30 км/сағ. Олар кездесуге бір сағат қалғанда, бір-бірінен қандай қашықтықта болады?

Жауабы

50 км (20+30).

[collapse]


Менің әкемнің жасы 31 де болғанда, менің жасым 8 де болған. Қазір ол меннен 2 есе үлкен. Менің жасым нешеде?

Жауабы

Әкесі баласынан екі есе үлкен болу үшін, ұлы 23-те болуы керек. Өйткені, екеуінің арасы — 23 жыл.

[collapse]


Таразыға 2 кг мақта мен 2 кг темір қойылып, судың астына түсірілді. Судың түбінде қайсысы ауыр болып шықты?

Жауабы

Суға түсірілген әрбір дене жеңілдейді. Архимед заңы бойынша, мақтаның көлемі үлкен болғандықтан ол жоғары көтеріледі. Сондықтан, темір ауыр болып шығады.

[collapse]


Жанұядағы 5 қыздың әрқайсында 2 ағадан болды. Ағалардың жалпы саны қанша?

Жауабы

2

[collapse]