Жылан жайлы қызықты мәліметтер

Көптеген адамдар үшін, бұл бауырымен жорғалаушы жануарлар қорқыныш тудырады, өйткені оның уы адамға өте қауіпті. Жылан туралы тағы да не білеміз?

.jpg

Қара мамба – жер бетіндегі ең қауіпті жылан. Ол бір тістегенде, 300 мг у шашады. Адамды өлтіру үшін 15 мг жетеді. Африканың тұрғындары, бұл жорғалаушының атын атауға да қорқады.

Планетада өмір сүрген ең үлкен жылан – Титанобоа (салмағы – 1 тонна, ұзындығы 15 метр). Ол біздің ғаламшарымызды 60 миллион жыл бұрын мекен еткен.

Корольдік кобраның ағзасындағы удың жалпы мөлшері – 23 ересек адамның жанын алу үшін жеткілікті. Ол, тіпті пілдің өзін өлтіре алады.

Жыландардың көру қабілеті нашар дамыған. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша олар саңырау.  Бірақ, бұл жорғалаушылар тербелістерге сезімтал, сондықтан жер арқылы өтетін дыбыстық толқындарды жақсы қабылдайды.

Статистика бойынша, бұл жыртқыштың шағуынан жылына 100 мың адам көз жұмады.

Қазіргі уақытта, 3500-ден астам түрі белгілі. Әлемдегі барлық жыландар жыртқыш болып саналады. Олардың орташа өмір сүру ұзақтығы 4-30 жыл.

Олар – Антарктида, Исландия, Ирландия және Новая Зеландиядан басқа барлық жерлерде мекен етеді.

Түкіретін кобра – өз құрбанына 3 метр қашықтықтан у шашып өлтіре алады.

Азияда ұшатын жыландар бар. Олар қабырғаларын жайып, бір ағаш бұтағынан, 100 метр қашықтықта орналасқан екінші бұтаққа ұшып барады.

Бас сүйегінің ерекшелігіне байланысты, өзінен үлкен заттарды жұтып қоюы мүмкін.

Басы кесілген жылан, адамға бірнеше сағат бойы қауіп төңдіреді. Ол өлгеннен кейін де шағып алуы мүмкін.