Жұмбақтар жинағы жауабымен

Жұмбақтар – оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Ол баланың ақыл-ойына үлкен пайдасын тигізеді. Жануарлар, өсімдіктер, жыл мезгілдері және т.б. туралы жұмбақтардың жинағымен таныс болыңыздар.

.jpg

 

30 жұмбақ

Жүрмейді, жүгірмейді, бірақ секіреді?

Жауабы

Бақа

[collapse]

Жазда – ұйықтайды,

Қыста – жанады,

Ауызын ашады,

Барлығын жұтады.

Жауабы

Пеш

[collapse]

Аяқтары бар, қолдары жоқ.

Арқасы бар, басы жоқ.

Жауабы

Орындық

[collapse]

Төрт ағайынды,

Бір шаңырақтың астында тұр.

Жауабы

Үстел

[collapse]

Екі ағайынды күні түні жарысады,

Ағасы әрқашан інісінен қалып қояды.

Жауабы

Сағат

[collapse]

Ешкімді ренжітпейді,

Бірақ жылатады.

Жауабы

Пияз

[collapse]

Ағашта 12 ұя тұр.

Әр ұяда 4 жұмыртқадан,

Әр жұмыртқада 7 тауықтан бар.

Жауабы

Жыл

[collapse]

Таңертең 4 аяғымен, күндіз 2 аяқпен, ал кешке 3 аяқпен кім жүреді?

Жауабы

Адам. Таңертең – балалар, күндіз – жастар, кеш – қарттар

[collapse]

Үнемі жүреді,

Бірақ орнынан қозғалмайды.

Жауабы

Сағат

[collapse]

Сұр, бірақ қасқыр емес,

Құлақтары ұзын, бірақ қоян емес,

Тұяқтары бар, бірақ жылқы емес.

Жауабы

Есек

[collapse]

Сақалы бар, бірақ адам емес,

Мүйізі бар, бірақ бұқа емес.

Жауабы

Ешкі

[collapse]

Кешке өледі,

Таңертен тіріледі.

Жауабы

Күн

[collapse]

Олар бізге жыл сайын келеді:

Біріншісі кәрі, екіншісі жас,

Үшіншісі секіреді, төртіншісі жылайды.

Жауабы

Жыл мезгілдері

[collapse]

Біреуі сөйлеп тұр,

Екеуі тыңдап,

Екеуі қарап тұр.

Жауабы

Ауыз, құлақ, көз.

[collapse]

Ол жазда сұр, қыста ақ.

Жауабы

Қоян

[collapse]

Өз үйін арқалап жүретін кім?

Жауабы

Тасбақа

[collapse]

Көктемде көңілдендіреді,

Жазда салқындатады,

Күзде тамақтандырады,

Қыста жылытады.

Жауабы

Ағаш

[collapse]

Мен қабырғаға жабысып тұрамын,

Отбасыны жуындырамын және ән айтамын.

Жауабы

Су тартқыш шүмек (водопроводный кран)

[collapse]

Мұрынға отырады,

Құлақтан ұсталады.

Жауабы

Көзілдірік

[collapse]

Күндіз ұйықтайды,

Түнде ұшады.

Жауабы

Үкі

[collapse]

Егін егеді,

Құстарды оңтүстікке жібереді,

Ағаштарды шешіндіреді.

Жауабы

Күз

[collapse]

Ағашқа қара,

Витаминдердің қазынасын көресін!

Ішінде қатты сүйегі бар,

Қызыл жидектер ілулі тұр.

Жауабы

Шие

[collapse]

Менсіз үйге кіре алмайсын.

Жауабы

Кілт

[collapse]

Адамдар менің келгенімді күтеді,

Бірақ келсем тығылып қалады.

Жауабы

Жаңбыр

[collapse]

Кеше болды, бүгін болуда, ертең болады.

Жауабы

Уақыт

[collapse]

Бес ағайындының жасы бірдей,

Бойы әртүрлі.

Жауабы

Саусақтар

[collapse]

Құлаққа ілулі, сырға емес.

Жауабы

Құлаққап

[collapse]

Қай сөзде «Л» және «Р» әріптері 3 рет кездеседі.

Жауабы

Параллелепипед

[collapse]

Қанаты бар, құс емес.

Жауабы

Көбелек

[collapse]

Тыныс алады, өседі,

Бірақ, жүре алмайды.

Жауабы

Өсімдік

[collapse]