Жөтелді қалай кетіруге болады?

Жөтел – бұл ағзаның қорғаныс реакциясы. Жөтелдің түрлері екіге бөлінеді: құрғақ және дымқыл. Ол неге пайда болады? Оны қалай емдеуге болады? Бұл сұрақтардың жауабы төменде.

.jpg

Жөтелдің пайда болу себептері

Көп жағдайда, ол суық тигендіктен пайда болады. Тыныс алу жолдарындағы вирустардың кесірінен қақырық шығады, ол адамның еркін дем алуына кедергі келтіреді. Нәтижесінде жөтел басталып, оның көмегімен тыныс алу жолдары бөгде заттардан тазартылады.

Сондай-ақ, шылым шегу, пневмония, бронхит, аллергия және астма аурулары да, оның басталуына әсер етуі мүмкін.

Үй жағдайында емдеу

  • Тамақтың шырышты қабығын жұмсарту қажет. Бұған қол жеткізу үшін – тамағыңызды тұзды сумен шайыңыз немесе жылы сүтке май араластырып ішіңіз.
  • 2 қасық балды, жылы сумен немесе шаймен араластырыңыз. Қоспаны күніне екі рет ішіңіз. Бал тамақты жұмсартады, лимон шырыны қақырықты босатуға көмектеседі.
  • Алоэның жапырағын кесіп, шырынын сығып алыңыз. Оған бал қосып, күніне 3 рет, 1 қасықтан жеп отырыңыз. Бұл әдіс – өкпеден бөліністерді шығаруға көмектеседі.
  • Көбірек су ішіңіз, ол қақырықты сұйылтып, сыртқа оңай шығуына жол ашып береді. Нәтижесінде, жөтелуден құтыласыз.
  • Ментолы бар дәрілер жөтелді 25%-ға азайтады. Ментол тамақтың шырышты қабығындағы тітіркенуді кетіреді.
  • Ауа құрғақ болған жағдайда, жөтел күшейеді. Сондықтан, үйдегі ауаны ылғалдандыру керек, әсіресе қысқы мерзімде. Өйткені, жылу батареялары ауаны құрғатып тастайды.
  • Кейбір адамдарға, ыстық душ немесе ванна көмектеседі. Бірақ, дене температурасы жоғары болмауы керек.

Егер қатты жөтелсеңіз, кеуде қуысыңыз ауырса немесе қақырықтың түсі ерекше болса, ол маманның көмегінсіз шешілмейтін аса ауыр аурулардың белгілері болуы мүмкін. Сондықтан, дәрігермен кеңескен жөн.