Жерорта теңізі туралы мәліметтер

Жерорта теңізі көлемі жағынан ең үлкен теңіздердің қатарына кіреді. Ол Африка, Азия және Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан.

.jpg

Бұл теңіз – Атлант мұхитының бөлігі, оларды Гибралтар бұғазы бөліп тұр. Жалпы көлемі – 2,5 миллион км². Батыстан шығысқа дейінгі ұзақтығы – шамамен 3700 км, ал солтүстіктен оңтүстікке – шамамен 1600 км. Құрамына Эгей, Крит, Ион және Адриат теңіздері кіреді. Жағалық сызығының ұзындығы – тіпті Африкадан ұзақ (45000 км). Сицилия, Кипр, Корсика, Крит және Сардиния сияқты көптеген аралдары бар. Ең терең жері – 5100 метр.

Ондаған миллион жыл бұрын, Жерорта теңізінің орнында Тетис мұхиты болған. Тектоникалық плиталардың қозғалысы, жер қыртысының көтерілуіне әкеліп, жоғарыда жазылған мұхиттың жойылуына себеп болды. Оның орнына Жерорта, Қара, Азов, Арал және Каспий теңіздері пайда болды.

Адамзат өркениетінің бесігі болып саналатын теңізді 22 мемлекет қоршап тұр. Өзінің географиялық орналасуына байланысты, халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесінде ерекше рөл атқарады. Ол – Батыс Еуропа мен Таяу Шығыстың арасындағы маңызды мұнай жолы. Бұл теңіздің порттары Еуропа елдерін және Солтүстік Африканы құбыр желісі арқылы байланыстырып тұр. Осыған байланысты, жағалауларында және аралдарында көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылған.

Ол – жағасындағы керемет табиғатымен және жұмсақ климатымен ерекшеленеді. Жағалауларында көптеген шығанақтар мен түбектердің болуына байланысты, туристтерді қызықтыратын көрнекті орындар жеткілікті. Жазғы мезгілде демалуға келетін адамдардың саны 200 миллионнан асады. Судың температурасы +16 градустан түспейді. Тұздың мөлшері бойынша, Өлі және Қызыл теңіздерінен кейінгі үшінші орында.

Бұл теңіз бір кездері кеме шайқастарының басты сахнасы болған. Оның түбінде жатқан кемелердің нақты санын ешкім білмейді.

Ұқсас: Каспий теңізі туралы мәлімет