Көк шайдың пайдасы мен зияны

Шай – арнайы шай жапырақшасын өндеу арқылы жасалатын сусын. Оның бірнеше түрі бар: қара, көк, ақ және т.б. Қазақстанда оны ұнататын адамдардың саны өте көп. Бұл сусынның тұтынушылары 90%-дан асады.

.jpg

Ешқандай өнім шай сияқты мұқият зерттелмеген шығар. 3000 жыл бойы оның жапырақтары көптеген аурулардың емі ретінде қолданылған, тек жақын да ғана ол күнделікті сусынға айналды.

Пайдасы

Тұмау немесе суық тиген кезде, ағзадағы токсиндерді шығаруға көмектеседі. Оны таңертең ішу пайдалы. Өйткені, көк шай жеңілдік және күш береді, депрессия мен ұйқышылдықты төмендетеді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрамындағы кахетиндер, гепатоцит және эндотелияның өсуін тоқтатады. Осылайша, әйелдерде ғана кездесетін сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупі азайтады.

Ол метаболизмді жақсартады және тәбетті төмендетеді. Күніне 2-3 рет, қант қоспай ішкен жағдайда, артық салмақтан арылуға болады.

Жасыл шайдың ең танымал қасиеті – актиоксидант. Осының арқасында ол бүкіл организмге әсер етіп, адамның денсаулығын нығайтады.

Сонымен бірге жүрек және қан тамырлары үшін де пайдалы. Аз мөлшерде қолданғанда, гипертония ауруына шалдыққан адамдардың қан қысымын төмендетеді.

Мырыштың жетіспеушілігінен иммунитет төмендейді, шаш түсе бастайды және тырнақтар сынғақ болады. Көк шай бұл мәселені шешуге көмегін тигізеді.

Зияны

Жүктілік немесе емізу кезінде ішуге болмайды, себебі ол ағзадан фолий қышқылын шығарып тастайды.

Жүйке жүйесіне теріс әсерін етеді. Жүйкені қатты қоздырады, өйткені оның құрамындағы кофеин мөлшері, кофеден жоғары.

Кешкі уақытта ішпеуге тырысу керек. Себебі, ұйқысыздық тудыруы мүмкін.

Оны аш қарынға ішкен дұрыс емес. Себебі, асқазан зақымдалып, гастрит пайда болады. Сарапшылар бұл шайды тамақтанудан соң, 40-60 минуттан кейін ішуге кеңес береді.