Туған жер, Отан туралы шығарма

.jpg
Фото: advantour.com

Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Менің елімде көптеген ұлттар тұрады. Біз өте қонақжай халықпыз. Біздің елдің табиғаты өте әдемі. Қазақстаннан басқа елге көшіп кеткен адамдар, ол елді «екінші Отаным» деп атайды. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Өйткені, Отан – біреу ғана.

Отан деген – біз тұратын аумақ қана емес. Отан отбасыдан, туыстардан және достардан басталады. Ол – сенің екінші анан. Оны ауыстыра алмайсын. Өз Туған жерінді ұмыту мүмкін емес, ол сенің жүрегінде мәңгілік болады. Мен Қазақстанда туылғаныма қуаныштымын!

Менің туған жерім – Қазақстан. Ол аумағы бойынша әлемде 9-шы орында. Бұл үлкен тарихы және мәдениеті бар мемлекет. Туған жердің тарихын, әдет-ғұрпын және  дәстүрлерін білу, әр адамның міндеті. Қажет болса оны қорғауға дайын болу керек. Мен өскенде, Отаныма пайда тигізуге тырысамын! Отан деген не? Бұл сұраққа әр адам өзі жауап беру керек.