Телефон туралы қызықты мәліметтер

Біз смартфонды күнде қолданамыз. Көптеген елдерде телефон саны, адам санынан көп. Осы керемет техникаға қатысты фактілермен таныс болыңыз.

0

Ұялы телефонмен алғаш қоңырау шалған адамның есімі – Мартин Купер. Бір қызығы: ол өзінің тікелей бәсекелестеріне звандаған.

«Смартфон» термині алғаш рет, Ericsson компаниясы 2000 жылы жаңа телефонын ұсынған кезде қолданды.

Тарихтағы ең көп сатылған телефон – Nokia 1100 немесе «кірпіш». 2003 жылдан бастап, 250 миллион құрылғы өткізілді.

Ұялы телефондардың 75%-ы, Қытайда жасалады.

Apple компаниясының иеленушісі Стив Возняк, 888-888-8888 нөмірінің алғашқы иеленушісі болған. Бірақ, ол бұл нөмірден бас тартты, өйткені оның телефонына көптеген бейтаныс адамдар қоңырау шала бастады.

Түрлі-түсті экранды телефонды ең бірінші болып, 1997 жылы Siemens компаниясы шығарды. Ал, фотокамерасы орнатылған құрылғы – 2003 жылы Samsung компаниясының көмегімен жарық көрді.

Гиннес рекордтар кітабына сәйкес, Sonim XP3300 Force – әлемдегі ең мықты телефон. Ол 25 метрден құлап, бұзылған жоқ.

Алғашқы SMS хабарлама. 1992 жылы компьютерден телефонға жіберілді.

Жапонияда смартфондардың 90%-ы, ылғалдан қорғайтын материалдан жасалады. Өйткені, «Күншығыс елінің» тұрғындары, оны шомылған кезде де қолынан тастамайды екен.

Автокөлік жүргізген кезде телефонды қолданатын адамдар, мас күйде жүргізетін адамдардан қарағанда жиі апатқа түседі.

Iphone – әлемдегі ең атақты бренд болғанына қарамастан, барлық смартфондардың 80%-ы, Android операциялық жүйесінде жасалған.

Ұялы телефонды көбінесе қоңырау шалуға емес, уақытты білу үшін пайдаланады.

Жаңа телефондарды өндіру саласы – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан индустрия болып табылады.