Тәж Махал кесенесі жайлы мәлімет

Тәж Махал – Үндістанда орналасқан, әлемдегі ең керемет ескерткіштердің бірі. Бұл сарайды көру үшін жыл сайын мыңдаған туристтер келеді.

.jpg

Ұқсас: Қожа Ахмет Ясауи туралы мәлімет

Тәж Махал туралы аңыз

Аңыз бойынша Жақан шах, жергілікті базарда сауда жасап жатқан әдемі қызды көріп, оған ғашық болып қалған. Көп ұзамай ол қызға үйленіп, 17 жыл бойы бақытты өмір сүрген. Билеушінің әйелі, оның ең жақын кеңесшісі болған, қоғамдық істерді жүргізуге қатысқан және барлық әскери жорықтарда күйеуінің қасынан кетпеген. Алайда, Мұмтаз Махал он төртінші перзентін дүниеге әкелу кезінде көз жұмды. Жақан шах қатты қайғырып, бұдан әрі ешқашан бақытты болмаған.

Үнді билеушісі өзінің сүйікті әйеліне арнап, жер бетіндегі ең әдемі кесенені салуды бұйырды. Жұмысқа Үндістан мен Еуропаның ең мықты сәулетшілері мен шеберлері шақырылды. Зәулім сарайды салуға 20 мың жұмысшы қатысып, құрылыс 20 жылға созылды. Патша, өзеннің арғы жағасында, өзі үшін де кесене тұрғызып, оларды көпір арқылы байланыстырғысы келген. Бірақ, оның жоспарлары іске аспады. Билік үшін күрес басталып, шахтың ұлы Аурангзеб, әкесін түрмеге қамап тастады. Шах қамауда қайтыс болып, Тәж Махалға әйелінің жанында жерленді.

Кесене

Құрылыс материалдары Үндістан мен Орта Азияның әр түкпірінен әкелінді: ақ мөлдір мәрмәр 300 км қашықтықтағы Раджастхан карьерінен жеткізілді, жартылай құнды кристалдар Қытайдан, ал сапфирлер Шри-Ланкадан алынды.

Биіктігі 74 м ғимарат, толығымен симметриялы. Басындағы күмбезді төрт кішкентай күмбездер мен әсем мұнаралар қоршап тұр. Оның қабырғалары жылтыраған мәрмәрдән жасалған. Күн сәулесі түскен кезде – ақ, күн батқанда – қызғылт, ал айдың жарығында – күміс болып жарқырайды. Қабырғалары асыл тастармен қапталған. Сарайдың ішінде қайтыс болған ерлі-зайыптылардың қабір тастары орнатылған, ал қабірлердің өздері, еденнің астында үлкен тереңдікте орналасқан.

Кесененің алдында керемет саябақ орналасқан. Саябақтың ортасында мәрмәрмен қапталған бассейн бар, оның бетінен құрылымның кескінін толығымен көруге болады. Сол заманның куәгерлерінің айтуынша, бұл саябақта раушан гүлдері мен көптеген бақша ағаштары өсіп тұрған.

Тәж Махалдың сол жағында қызыл құмтастан мешіт салынған, ал оң жағында мұсылмандарға арналған Қонақ үйі жұмыс істейді. Бұл екі ғимарат тепе-теңдікті сақтайды, жер сілкінісі кезінде ештеңе құлап қалмасын деген мақсатпен құрылған.

Ұқсас: Үндістан туралы қызықты мәліметтер