Сыра туралы мәлімет

Сыра – ең танымал алкогольдік ішімдіктердің бірі. Оны еркектерде, әйелдерде ұнатады. Осы сусынға қатысты мәліметтермен таныс болыңыздар.

.jpg

Ол сумен шайдан кейінгі, ең көп тұтынылатын сусын болып саналады. Әлемде 400-ден аса түрі бар.

Сыраны зерттейтін ғылым – зитология деп аталады. Грек тілінен аударғанда, «зито» – сыра, «логос» – зерттеу дегенді білдіреді.

Оны алғаш болып, шамамен 10 мың жыл бұрын Ежелгі Мысырда ойлап тапқан.

Бұл ішімдікті өңдіретін әлемдік көшбасшы – бельгиялық AB-InBev компаниясы. Ең көп мөлшерде тұтынатын мемлекет – Чехия екен. Одан кейін, Ирландия және Германия.

Неміс ғалымдары, 1 литр сыра, 1 литр сүттен 10 есе пайдалы деген мәлімдеме жасады.

Амстердамм қаласының көшелерін тазарту үшін, жергілікті жұмыскерлерге 10 еуро, жарты қорап темекі мен 5 бөтелке сыра беріледі.

Чехияның Острава қаласында өткен бағдарлама кезінде, Мидер есімді азамат, 3 минуттың ішінде 10,5 литр сыра ішіп, әлемдік рекордты жаңартты.

Оның пайдалы қасиеті бар. Зерттеулерге сәйкес, бұл сусын – бүйрек тастарының пайда болуына жол бермейді екен.

Планетаның ең қымбат сырасы – Vielle Bon Secours деп аталады. Оның бір бөтелкесі 1000 долларға сатылады.

Бастапқы уақытта, осы ішімдікті әйелдер қайнатқан. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана, ерлер бұл кәсіпті өз қолдарына алды.

Ежелгі адамдар оның өңдірісіне қатал қараған. Егер сусынның дәмі жаман болса, дайындаған адам өлім жазасына кесілген.

Әлемдегі ең ежелгі сыра қайнату компаниясы – Германияның Фрейзинг қаласындағы Вайншстефан зауыты. Ол 1040 жылы құрылған.

Ол -2 температурада қатады. Оны еріген соң ішуге болады, бірақ ол өзінің дәмін жоғалтады.

Естеріңізде болсын! Сыраны көп мөлшерде тұтыну, денсаулыққа зиянды!