Сүйелді қалай кетіруге болады?

Сүйел – денсаулыққа қауіп төндірмейді, бірақ, адамның сыртқы көрінісін бұзады. Әрине, әрбір адам бұл тері проблемасын тез және үй-жағдайында кетіруге тырысады. Төмендегі мақалада осы жайлы жазылған.

3

Пайда болу себептері

Қазіргі заманда, папиллома вирусы халық арасында кең таралған. Ресми мәліметтер бойынша, ол 50% адамның ағзасында кездеседі. Бұл вирус – қол алысу, сүйісу және ортақ гигиеналық заттармен қолданған кезде жұғады. Сонымен қатар, жыныстық қатынас арқылы да берілуі мүмкін.

Қоғамдық моншаларда және бассейндерде, жоғары ылғалдылық болғандықтан, инфекцияны жұқтыру қаупі артады. Ауру белгілері бірден байқалмайды. Ол адамның ағзасында ұзақ уақыт бойы өмір сүре алады.

Сондай-ақ, иммунитеттің төмен болуы, дұрыс тамақтанбау, дәрумендердің жетіспеушілігі, экологиясы нашар аумақта өмір сүру және ұйқының бұзылуы, сүйелдің пайда болуына себепкер бола алады.

Үй-жағдайында кетіру жолдары

Ең таралған әдіс – сүйелшөпті (чистотел) қолдану. Күніне 2 рет сүйелшөптің шырынымен сүртіп отырсаңыз, бірнеше күннің ішінде түсіп қалуы керек.

Қарапайым әдістердің бірі – йод. Қолыңызды жуып, мақта таяқшасын йодқа матырып, сүйелдің түп жағына жағыңыз. Процессті, сүйел құрғап қалғанға дейін жалғастырыңыз. Йодтың орнына салицил қышқылын қолдануға болады.

Көптеген адамдар, сүйелге қарсы ең тиімді емге – сарымсақты жатқызады. Өйткені оның, терідегі түрлі жараларды жоятын қасиеті бар. Сарымсақты ұсақ бөлшектерге кесіп, сүйел шыққан орынға басып, үстінен бинтпен орап тастасаңыз жеткілікті. 1,5 сағаттан кейін бинтті шешіп, жара тұрған жерді сабынмен жуу қажет. Бұл әдісті күніне 2 рет қайталаңыз.

Азотпен сәл күйдіру. Оны дәріханадан сатып ала аласыз. Қымбат дәрі болғанына қарамастан, сүйелді жылдам уақытта кетіреді.

Егер, осы тәсілдердің ешқайсысы көмектеспеген жағдайда, дәрігерге көрініңіз.

Сүйелдің алдын алу жолдары

Гигиена ережелерін сақтаңыз. Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз. Ыстық күндері, бактериялар белсенді таралады. Сондықтан, күнделікті шомылып отырған дұрыс.

Дененізде жара пайда болса, антисептикпен емдеп, үстіне пластырь жабыстырыңыз.

Бассейн, душ, жаттығу залы және саунаға барған кезде, аяқ киіміңізді шешпеңіз. Сүлгі және жеке гигиена заттарын өзінізбен бірге алып барыңыз.