Сушиды қалай жеу керек?

Суши деп аталатын жапондық тағам, біздің елімізде үлкен сұранысқа ие. Бастапқыда сушиды жеген кезде қиындықтар туындайды. Сондықтан, оны жеудің ережелерімен таныс болыңыз.

Сушиды
Фото: td-sev.ru

Алдымен маринадталған имбирьді жеген дұрыс. Ол ауызда қалып қойған барлық дәмді жояды.

Суши – дастарханға кішігірім бөліктер түрінде беріледі. Сол себепті оны жартылай бөлмей, толығымен ауызға салыңыз.

Сушиды арнайы таяқшалармен алу керек. Ол хаси деп аталады. Егер таяқшаларды қолдануды білмейтін болсаңыз, қолымен ала беріңіз.

Содан кейін, оның балық жағын соя тұздығына (соевый соус) немесе васабиге матырасыз.  Бірақ васабимен абай болған жөн, өйткені оның дәмі өте ащы және өткір.

Суши таяқшаларын сілтеу және адамға қарату әдепсіздік болып саналады.

Сонымен қатар, тағамды жанындағы адамға салып берген кезде, таяқшаның сыртқы жағын қолданады.

Жапонияда сушиларды қолымен жеу еркектерге ғана рұқсат етілген.

Оның нигири, хосо, каппа, текка, негиторо және т.б. көптеген түрлері бар.