Шырақтың ерлігі туралы мәлімет

.jpg

Ұқсас: Томирис патшайым туралы аңыз

Б.з.д. 520 жылы Дарий бастаған 700 мыңдық әскер, қазіргі Қазақстан мемлекетінің аумағына баса-көктеп кірді. Дарий көшпенді тайпаларды бағындырған соң, Азия мен Еуропаны жаулап алуды көздеген. Бірақ, оның жоспары сәтсіз аяқталды.

Бұл заманда сақтардың біртұтас билігі болған жоқ. Көптеген тайпалар, бір-бірімен жер үшін күрес жүргізіп отырған. Скунха есімді тайпа көсемі, парсы әскеріне тойтарыс беруге шешім қабылдады. Оның ұлы – Шырақ, сақтардың ішіндегі ең мықты жауынгерлердің бірі болып саналған. Ол бейбіт өмірді жақсы көрген. Бірақ, Шырақтың тайпасына жаулар шабуыл жасап, ұрыс кезінде оның әйелі көз жұмды. Өз сүйіктісін жерлеп, жеті күн қатты қайғырды. Жетінші күні әйелінің өлімі үшін кек қайтарамын деп ант берді.

Парсыларға қарсы тұру мақсатында әскери кеңес құрылды. Бұл кеңесте Шырақ өз жоспарын ұсынды. Ол былай деді: «Біз шөлді далада өмір сүріп жатырмыз. Соңымыздан өз әскерімен Дарий келе жатыр. Егер парсыларды алдап, шөлдің ортасына апарсақ, онда олардың көзін құртамыз. Бірақ, менде бір өтінішім бар: мен қайтыс болғаннан кейін, балаларыма қамқор болыңыз, олар жетім болып қалмасың».

Осыдай кейін, Шырақ өзінің құлағы мен мұрнын кесіп тастап, парсыларға келді. Дарийдің алдына келгенде, ол өз халқына не үшін опасыздық жасап жатқанын түсіндіре бастады. «Міне, олардың маған не істегендерін қараңыз! Мен олардан кек алуым керек! Сіздерді бұрма жол арқылы, скиф армиясының тылына әкелемін. Осылайша, олардан өз өшімді аламын!» деді.

Шөл далада жеті күн бойы жүрген Дарийдің сарбаздары, шөлден және ыстықтан өле бастады. Ақыры, патшаның шыдамы таусылып, парсылар Шырақты өлтіріп тастады. Бұл тұзақтың кесірінен, парсы әскерінің жартысы қырылып қалды.

Мыңдаған жыл өтсе де, осы батырдың жасаған ерлігі, әлі күнге дейін ұмытылған жоқ!

Ұқсас: Сақтар жайлы мәлімет