Шолпан жұлдызы туралы мәліметтер

Шолпан мен Жердің көлемі ұқсас болғандықтан, оларды егіз ғаламшарлар деп атайды. Бірақ, зерттеулерге сәйкес, оның атмосферасы өмір сүруге мүлдем жарамсыз екендігі анықталды.

NASA

Шолпан жайлы 15 мәлімет

  1. Оның екінші атауы – Венера. Ол Ежелгі Римнің махаббат және сұлулық құдайы болған.
  2. Шолпан – Күн жүйесінің ең ыстық планетасы. Оның бетіндегі температура – 475 Цельсий градусқа дейін жетеді.
  3. Атмосфераның 96%-ы көмірқышқыл газынан тұрады.
  4. Күн жүйесінде, сағат тілі бойынша бағытта айналатын жалғыз планета – Шолпан.
  5. Жер мен Шолпанның арасындағы қашықтық – 108 000 000 миллион километр.
  6. Бұл жұлдыздың көлемі, біздің планетадан 650 километрға ғана кіші.
  7. Атмосфера қысымы Жерден 90 есе көп. Бұл ғаламшардың бетінде жүру, мұхиттың түбінде жүргенмей бірдей.
  8. Оны жас ғаламшар деп айтуға болады. Пайда болғанына – 500 миллион жылдан астам уақыт өтті.
  9. Желдің жылдамдығы – 725 км/сағ дейін барады.
  10. Біз телескопты қолданбай, өз көзімізбен 5 планетаны көре аламыз, олар: Меркурий, Шолпан, Сатурн, Юпитер және Марс.
  11. Шолпанға 1961 жылдан бастап, 42 ғарыш кемесі жіберілді. Олардың 60%-ы ғана өз мақсатын орындады.
  12. Венера – Ай мен Күннен кейінгі ең жарық аспан денесі.
  13. Ең көп жанартау осы ғаламшарда. Жанартаулардың жалпы саны – 1600-дан асады.
  14. Шолпанның серігі жоқ.
  15. Бұл ғаламшардағы бір жыл – 234 тәулікке тең.