Шашты тез өсіру

Шашты қалай тез өсіруге болады деген сұраққа жауап алғыңыз келсе, бұл мақала сізге көмектеседі. Орташа есеппен алғанда, шаш 1 айда 1-2 сантиметрге өседі. Бұл процесті қалай жылдамдатуға болады?

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЗЫН ШАШ ӨСІРУ

Ұзын шашқа ерекше күтім қажет. Шаш қатты ұзын болса, оған соғұрлым «құрылыс» материалдар қажет. Егер қоректік заттар жеткіліксіз болса, шашты өсіру қиынға түседі. Сонымен қатар, шаштың тез өсу қарқыны, бастың терісінің жағдайына да байланысты. Біздің кеңестерімізді орындасаңыз, 1 айдын ішінде нәтижелер байқалады!

Ұқсас: Тез арықтау жолдары. Арықтауға арналған жаттығулар

  • Шашқа арналған маска жасаңыз. Масканы аптасына 1-2 рет, фолликулаларды ынталандыру және шаштың өсу қарқынын жеделдету үшін қолданыңыз. Табиғи майлар маскасын өзіңіз жасаңыз немесе дәріханадан дайын маска сатып алыңыз. Бадам (миндальное), зәйтүн (оливковое), кокос және аргон майларын қолдануыңызға болады. Бұл майлар тек 3-4 сағаттан кейін ғана әсер етеді, сондықтан масканы ұйықтар алдында дайындаған дұрыс.
  • Басқа массаж жасау. Мұны істеу үшін табиғи майларды пайдаланыңыз. Бас терісінің массажы, терінің жағдайын жақсартады және шаштың өсуін ынталандырады. Басыңызды жуар алдында 1 сағат бойы массаж жасау керек. Массажды мойынның артынан бастап, біртіндеп шеке, тәжі және маңдайға көшіңіз.
  • Шашты алма сірке суымен (яблочный уксус) шайыңыз . Бұл бастаға кірлерді жоюға арналған тиімді құрал. Оны шампуньның орнына қолдаңуыңызға болады. Екі стақан суға, екі қасық сірке суын қосыңыз. Шашыңызды осы қоспамен шайыңыз.

ШАШТЫ ӨСІРУГЕ АРНАЛҒАН ДИЕТА

Біздің сұлулығымыз, біздің жейтін тағамдарымызға байланысты. Ұзын, қалың және жылтыр шаш – бұл қатаң диета. Шашты өсіру үшін дұрыс тамақтану керек.

Ұқсас: Тәтті тағамның зияны

  • Ақуыз (белок) – шаш пен тырнақтың құрылыс материалы, мүмкіндігінше ет, балық, құс, жұмыртқа, ірімшік, бұршақ немесе жаңғақпен тамақтану қажет.
  • Май қышқылдары – коллаген мен кератин өндірісіне қатысатын элемент, шаштың қалыңдығына және терінің тегістігіне әсер етеді. Бұл затты біздің ағзамыз өндірмейді, ол тек қана ас арқылы келеді. Май қышқылдарының негізгі көзі болып табылатын күнбағыс және жүгері майына назарыңызды аударыңыз.
  • А витамині немесе ретинол. Ол – балық майы, бауыр, уылдырық, сүт, сары май, маргарин, қаймақ, ірімшік, және жұмыртқаның сарысында ірі мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ, бұл витамин сәбіз, қызыл бұрыш, жасыл пияз, асқабақ және қызанақта кездеседі.
  • Витамин С – бұл күшті антиоксидант, ол коллагенді өндіруде және қан тамырларының дұрыс қызмет атқаруына көмегін тигізеді. Цитрустық жемістер, қарақат, тәтті бұрыш және қарақұмықта көптеп кездеседі.
  • В тобындағы витаминдер, әсіресе В12 – жасушалардың өсуін және бөлінуін қамтамасыз етеді, олар шаштың өсуіне және терінің жаңартылуына тікелей көмегін тигізеді. Бұл витаминдер – сүт өнімдері, ашытқы, бұршақ, бауыр, жасыл көкөністер, теңіз өнімдері, майсыз ет, жұмыртқа, жаңғақ, және кептірілген жемістерде болады.

ШАШ КҮТІМІ

  • Шашыңызды шампуньмен аптасына екі-үш рет қана жуыңыз. Табиғи майдың арқасында шаштың тамырлары қоректенеді. Шаштар ылғалдандырылып, қалпына тез арада келеді.
  • Жуынғаннан кейн кондиционермен қолданыңыз. Бұл шаштың қалың және әдемі болуын қамтамасыз ететін липидтер мен ақуыздардың көзі.
  • Басты сүлгімен орамаңыз. Шаш, артық жүктемеге шыдай алмай үзіледі. Ылғал шаш өте нәзік, сондықтан оны шомылғаннан кейін сүлгіге ораудан бас тартыңыз.
  • Ыстық шашты сәндеуге арналған техникалық құралдарды пайдаланбаңыз, мысалы, шаш кептіргіштері (фен), шашқа үлкен зиян келтіреді және олардың өсуін баяулатады.
  • Ылғал шашқа тиіспеген дұрыс. Олар құрғақ болғанша күтіңіз, содан кейін ған тараңыз.
  • Шашыңызды салқын сумен шайыңыз.
  • Мүмкіндігінше күн сәулесінен аулақ болыңыз. Күннің астында бас киім киіңіз.