Саумалдың пайдасы қандай?

Әлемде және Қазақстанда бие сүтінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Ғалымдар бұл өнімді зерттеп, саумалдың адамға тигізетін көптеген пайдалы қасиеттерін анықтады.

.jpg

Емдік қасиеттері

Саумал – бұл жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Ол ағзаға сіңірілу кезінде, ас қорыту процесіне қатысатын органдарға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сол себептен, дененің қалыпқа келу процесін жылдамдатады.

Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, ол қан айналымын жақсартады және ер адамның потенциасын күшейтеді.

Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да  биологиялық белсенді заттар бар. Кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Ал, құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары.

Еуропаның ғалымдары оны емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді. Саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасы  ауруын емдеуге болады.

Қалай қолдану керек?

Тәулігіне 1 литр саумал ішсеңіз, ағзаңыз жоғары сіңімді ақуыздармен, амин қышқылдарымен, оңай қорытылатын майлармен, дәрумендермен және минералды элементтермен қамтамасыз етіледі.

Емделу уақыты – 1 ай. Бірақ, толық пайда алу үшін, кейбір ережелерді сақтау керек. Мысалға, ол өзінің негізгі пайдалы қасиеттерін, сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде жоғалтады.

Алайда, саумалды мұздату арқылы өмірін ұзартуға болады – ол барлық биологиялық белсенді компоненттер мен дәрумендерді сақтайды. Оны күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 милиграммнан ішкен дұрыс. Бір аптадан кейін, адамның көңілі көтеріліп, ұйқысы жақсарып және тәбеті ашылады.