Саңырауқұлақ жайлы мәлімет

Саңырауқұлақ – біздің ғаламшарымыздың ең ерекше өкілдерінің бірі. Оны жануар деп те, өсімдік деп те айта алмаймыз. Ғалымдар оларды – «саңырауқулақтар патшалығы» деп аталатын жаңа түрге еңгізді.

mushroom-389421_640

Саңырауқұлақтар – Жер бетінде ұзақ уақыт бойы тіршілік етеді. Олар тіпті, динозаврлардан бұрын пайда болған.

Әлемде 2 миллионнан астам түрі бар. Олар: жеуге жарамды, жеуге жарамсыз және улы болып бөлінеді.

300 миллион жыл бұрын, олардың ұзындығы 10 метрге дейін жеткен.

Сасық саңырауқұлақ – ең улы түріне жатады. Оның бір қалпағы 3-4 адамды өлтіруі мүмкін. Ежелгі Рим императоры – Клавдий, осы удан мерт болды.

Ең үлкен саңырауқұлақ АҚШ-та өмір сүреді. Ол 900 гектар жерді алып жатыр, ал салмағы бірнеше тонна.

Плазмодий саңырауқұлағы жүре алады. 2 тәуліктің ішінде, 1 метр қашықтыққа жылжиды.

Жерқұлақ (трюфель) – ең қымбат түрі болып саналады, 1кг – 2500 долларға бағаланады.

1940 жылы А.Флеминг, бұл өсімдіктерден пенициллинді бөліп шығарды. Осылайша, тарихтағы алғашқы антибиотик жасалды.

Орташа алғанда, әрбір саңырауқұлақ 90%-ға судан тұрады.

Фунготерапия – саңырауқұлақтардың емдік қасиеттерін зерттейтін ғылым.

Түлкішек деп аталатын түрі – паразиттарды жояды. Көптеген адамдар оны дәрі ретінде пайдаланады. Иммундық жүйені қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Өте баяу өседі. Жылына шамамен – 10 сантиметрге.

Пайдалы өнім болып саналады. Оның құрамында ақуыз көп, ал холестерин мүлдем жоқ. Сондай-ақ, ол көптеген дәрумендерге бай.