Пияздың пайдасы мен зияны

Барлық адамдар дұрыс тамақтануға тырысады. Сондықтан, біздің мәзірімізде әр түрлі жемістер мен көкөністер кездеседі. Бірақ, бұл өнімдер пайда ғана емес, зиян да әкелуі мүмкін. Төменде, пияздың қасиеттері жайлы жазылған.

.jpg

Пайдасы

Пияз шырыны – бұл тұмаудан қорғайтын табиғи антибиотик. Олар стрептококтарды, дизентерияны, дифтерияны және туберкулез бациллалары сияқты көптеген микробтарды жояды. Суық тиген кезде немесе авитаминоз кезінде, туралған пияз кесектерін күніне бірнеше рет иіскесеңіз, иммунитет көтеріледі.

Тромбоциттер көбейсе, инфаркт пен инсульттін пайда болу қаупі жоғарылайды. Пияздың құрамындағы күкірт, қандағы тромбоциттерді ерітіп, артерияда жиналуына жол бермейді.

Бұл көкөніс зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді. Қанды тазартады, ас қорытуды ынталандырады және денеден артық сұйықтықтарды шығарады.

Жасыл пияз жапырақтары каротинге бай, оны беттегі дақтарды кетіру үшін қолданады. Оның теріге пайдалы екендігі дәлелденген.

Оның шырыны құлақ ауруларына қарсы анестезия ретінде қолданылады. Мақтаны пияздың шырынына матырып, құлақтың ішіне салып қоюңызға болады.

Құрамында С дәрумені болғандықтан, теріге және шаштың сұлулығына жақсы әсерін тигізеді. Бұл өнім қайызғақты кетіреді және шашты күшейте алады.

Пайдалы қасиеттеріне тағы мыналарды жатқызуға болады: ағзадағы қанттың мөлшерін төмендетеді, жүйке жүйесін жайландырады, радиацияның зиянды әсерін төмендетеді және ас қорыту бездерінің секреторлық қызметін жақсартады.

Зияны

Қышқыл болғандықтан, асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді. Сол себепті, гастрит пен ойық жарасы бар адамдарға жиі жеуге болмайды.

Шамадан тыс қолданғанда, астманың басталуы немесе қан қысымының жоғарулауы мүмкін.

Өт, бауыр және бүйрек аурулары кезінде, аз мөлшерде пайдалану керек.