Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы (эссе)

.jpg

Ұқсас: Ағаштың пайдасы қандай?

Өсімдіктің табиғаттағы маңызы

Өсімдіктер адамдардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Ағаштардың жасыл жапырақтарында пайда болатын фотосинтез процесінің арқасында, тірі ағзаларға тыныс алуға қажетті оттегі өңдіріледі. Сондықтан, өсімдіктерді біздің планетамыздың өкпесі деп атауға болады. Атмосферамыздың 20%-ы оттегіден тұрады, ол болмаса адамдар, жануарлар және құстар тірішілік ете алмай, планетамыз жансыз шөл далаға айналатын еді.

Биосфераның маңызды компоненті бола отырып, өсімдіктер экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына, климаттың және топырақтың қалыптасуына әсер етеді. Олар ауаны тазартады, зиянды заттарды сіңіреді және қауіпті микроағзаларды жояды. Орманда серуендеуді ұнататын адамдардың физикалық және эмоционалдық күші қалпына жылдам келеді. Шөптен шығатын иістер мен ағаштардағы жапырақтардың тербелістері, жан тыныштандырады.

Ағаштар өнеркәсіпке және шаруашылыққа үлкен пайдасын тигізеді. Оны отын немесе құрылыс материалы ретінде қолданады. Қағаз, ацетон, эфир майлары және спирт ағаштан жасалады. Болашақта ағашты басқа материалдармен алмастыру көзделіп отыр.

Қалаларды оттегімен байыту мақсатында – көшелердің бойында гүлзарлар мен көгалдар отырғызылып жатыр. Халықтың денсаулығын сақтау үшін, айналамызда көбірек өсімдік болуы керек. Сондықтан, оларды қорғау және жасыл кеңістікті ұлғайту біздің міндетіміз. Өсімдіктердің бізге тигізетін пайдасы өте үлкен, мұны әрбір адам түсініп, оларға күтім жасауы керек.

Ұқсас: Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер