Наурыз мейрамы туралы мәліметтер

Наурыз мерекесі – Қазақстан және басқа да түркі тілдес мемлекеттердің ресми мейрамы болып саналады. Ұлыстың ұлы күні жайлы қандай қызықты деректер білесіз?

Наурыз мерекесі
Фото: altaynews.kz
  • Наурыз сөзі, парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны береді.
  • Бұл мереке 5 мың жыл бұрын пайда болған. Ол кезеңде Ислам діні болмаған, сондықтан қазіргі уақытта, кейбір елдерде (Сирия және Ирак) Наурыз мейрамын тойлауға тиым салынған.
  • Бұл күннің басты тағамы – Наурыз көже. Ол жеті түрлі тағамнан тұрады. Егер осы күні 7 үйден тамақ ішсен, жаңа жыл сәттілік әкеледі деген ырым бар.
  • Мереке кезінде ойық-сауық шаралары жүргізіледі. Оның ішінде қыз қуу, алтыбақан, тоғызқұмалақ, бәйге және қазақша күрес бар. Ең аяғында, екі ақын арасында күн батқанға дейін айтыс өткізіледі.
  • Атырау және Маңғыстау облыстарында бұл мереке – «Амал» деп аталады және айдың 14-нен бастап тойлана бастайды.
  • Ұлыстың ұлы күні, біздің ата-бабаларымыз үстеріне ақ түсті киім киіп, шаштарын алып тастайтын. Әрбір үйде ақ түсті тағамдар ғана болған. Мысалы сүт, шұбат, қымыз, сүзбе және т.б.
  • 1926 жылы Кеңес үкіметінің бұйрығы бойынша, бұл мерекені тойлауға заңмен шектеу қойылды. Тек 1991 жылы ғана, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен, ол ресми түрде мейрам болып бекітілді.
  • 22 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күні.
  • Мейрам кезінде қар жауса, бұл жақсы белгі болып саналады.
  • Қазақтар осы айда туылған балалардың есімін, әдетте: Наурызбай, Наурызбек, Наурызгүл деп қояды.