Найзағайдан қалай қорғану керек?

Найзағайдың кесірінен өлу – өте сирек кездесетін жағдай болғанымен, осы табиғи құбылыстан зардап шеккен адамдардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Төменде одан қорғану жолдары туралы жазылған.

m

Қорғану ережелері

Найзағай әрқашан ең биік нүктеге соғады, сондықтан ағаштың астына жасырынуға болмайды. Ашық кеңістікте немесе алаңда қалып қойсаңыз, шұңқыр тәріздес ойылған жерді тауып алып, соның ішінде қозғалмай отыруыңыз қажет.

Егер үйде немесе басқа жабық бөлмеде болсаңыз, есіктерді, терезелерді және желдету тесіктерін жауып қойыңыз. Компьютер, теледидар, радио және т.б. электр құрылғыларын рәзеткеден суырып тастаңыз.

Судан аулақ болыңыз, өйткені, ол жақсы тоқ өткізгіш. Судың маңына түскен найзағай соққысы, 100 метр радиусқа дейін таралады. Сол себепті, жаңбыр кезінде өзенде шомылмаңыз, балық ауламаңыз және жағада тұрмаңыз.

Велосипедпен немесе мотоциклмен келе жатқанда найзағай басталса, көлігіңізді тоқтатып, одан 30 метр қашықтыққа алыстаңыз. Егер автокөлікпен келе жатсаңыз, терезелерді жауып, жауын тоқтағанша күтіңіз.

Бұндай кезде ұялы телефонмен сөйлесу өте қауіпті, оны өшіріп тастаған дұрыс. Телефонның кесірінен зардап шеккен жағдайлар белгілі. Сондай-ақ, металл заттардың барлығын үстіңізден шешіп тастаңыз (сағат, сақина, алқа).

Шар найзағаймен (шаровая молния) кездесіп қалсаңыз, қашпаңыз және оқыс қимыл жасамаңыз, өйткені ауа тербелісі жарылысқа әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда – бетіңізді қолыңызбен жауып, жайлап артқа шегініңіз немесе жерге жатып, басыңызды қолыңызбен жабыңыз.

Найзағай соққанда алғашқы көмек

Егер ол адамға тиетін болса, оған жедел түрде медициналық көмек көрсету керек.

  • жәбірленушіні ыңғайлы жерге жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз;
  • терісі күйіп қалған болса, жедел жәрдем келгенше киімін шешпеңіз;
  • егер есінен танып қалса, тыныс алуын және артерияның пульсін тексеріңіз. Нашар болған жағдайда, жүрек массажын және қолдан дем алдыру әрекеттерін бастау қажет;
  • тыныс алу жолдарының жақсы өтуін қамтамасыз ету үшін, адамды арқаға жатқызып,  басына жастық қою керек.

Бұл кеңестер – сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Абай болыңыз!

Ұқсас: Найзағай туралы мәліметтер