Мұрын бітелсе не істеу керек?

Мұрын бітеліп қалса, тыныс алу ауырлайды. Бұл жағдай күнделікті өмірде ыңғайсыздық тудырады және ұйықтауды қиындатады. Егер оны емдемесеңіз, ол әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін.

.jpg

Пайда болу себебі

Мұрынның бітелуі – бұл ауру емес, ол басқа аурудың белгісі. Көп жағдайда, оның басты себепкері – суық тию. Бактериялар үнемі мұрын ішінде өмір сүреді. Ауа райы суытқан кезде, олар өте агрессивті болып, шырыштың қабынуын тудырады. Сондықтан, адам жиі түшкіріп, мұрнынан және көзінен су аға бастайды. Сонымен қатар, пайда болу себептеріне: аллергиялық реакциялар, аденоидтар және мұрын қуысының ісіктерін жатқызуға болады.

Үй жағдайында емдеу

Мұрын тамшылары.

Егер мұрныңыз қатты бітелсе, емді осыдан бастау керек. Өйткені, ол гайморитқа айналып кетуі мүмкін. Бірақ, абай болыңыз! Тамшыларды 5 күн ғана қолданғануға кеңес беріледі. Себебі, 1 аптадан кейін, ол есірткі сияқты тәуелділік тудырып, бұл препаратты күнделікті пайдалануға мәжбүр боласыз. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, сізге тек қана хирургиялық ота ғана көмектеседі.

Мұрынды шаю.

1 стақан жылы судың ішіне, 1 қасық теңіз тұзын салып ерітіңіз. Содан кейін басыңызды бір жаққа еңкейтіп, ерітіндіні үстіңгі жағындағы тесікке құйыңыз. Осы процедураны күніне бірнеше рет қайталаған дұрыс.

Мақта тампондары.

Көптеген жағдайларда, қарапайым бал көмектесе алады. Мақта тампондарын балға матырып, мұрынға 15-20 минутқа салып қойыңыз. Бұл қабынуды кетіруге арналған тиімді құрал.

Ауа ылғалдатқышы.

Ылғалдылық 40%-дан аз болған кезде, мұрындағы шырыш кеуіп, еркін тыныс алуға кедергі келтіреді. Егер шырыш көп, ал ылғалдылық төмен болса, ауыр бактериялық асқынулар пайда болуы ғажап емес.

Сонымен бірге, сізге көмектесе алатын амалдар: мұрынға алоэ шырынын құю, қайнатылған картоптың буымен дем алу және бас бармақтың көмегімен мұрынға массаж жасау.