Мұхтар Әуезов туралы мәлімет

Мұхтар Әуезов – қазақ драматургиясы мен театр өнерінің дамуына зор үлес қосқан адам. Ол өз заманындағы ең шеберлі жазушылардың бірі болған.

unnamed

Қазақтың көрнекті жазушысы, академигі, драматургы, ғалымы және қоғам қайраткері – 1897 жылы Семей облысында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленді. Оның жанұясы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың отбасымен туыстық қатынаста болды. Атасы Әуез, Абайдың шығармашылығын қатты ұнатып, Мұхтардың жазушы болып қалыптасуна үлкен әсерін тигізді.

Жас кезінен бастап ізденіп, білімін кеңейтіп, өмірінің соңына дейін әдебиет саласында тынымсыз еңбек етті. Ол білімді орыс тілінде алған. Мектептің 5-ші сыныбында оқып жүрген кезде, оның алғашқы шығармасы «Дауыл» жарық көрді. Ал, ең алғашқы пьесасы «Еңлік-Кебек» деп аталады. Бұл пьесада – екі жастың қайғылы тағдыры туралы жазылған.

Совет үкіметі билікке келген соң, Семей облысының саяси-қоғамдық өміріне белсене араласты. 1918 жылы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге, «Абай» журналын шығара бастады, бірақ аз уақыттан кейін, идеологиялық себептерге байланысты оны жариялауға тиым салынды. Көптеген қиыншылықтар мен азаптарды бастап кешіп, 30-шы жылдары ұлтшылдық үшін 2 жылға түрмеге қамалды. Босатылғаннан кейін, досы Ілияс Жансүгіровтың кеңесі бойынша, А.Құнанбаевтың еңбектерін зерттеуге кірісті.

Әуезовтің «Абай жолы» романы – қазақ әдебиетінің ең атақты туындысы болып саналады. Бұл романда – Абайдың өмірі және 19 ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмысы сипатталған. Көптеген рухани сынақтарға қарамастан, романның бас кейіпкері өз даналығын, мейірімділігін, ақылын және жүректің парасатын сақтап қала алды. Осы шығарма үшін сол кездегі ең құрметті марапаттардың бірі – Ленин сыйлығына ие болды.

1961 жылдың жазында Мәскеуге емделуге аттанды, бірақ ота жасау кезінде дүниеден озды. Мұхтар Әуезовтің шығармалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, автордың пьесалары әлі күнге дейін театр сахналарында қойылып келеді.

Ұқсас: Абай Құнанбаев туралы мәлімет