Менің сүйікті пәнім (эссе)

.jpg

Қазақ тілі

Мектеп бағдарламасында көптеген қызықты пәндер бар. Менің ең сүйікті пәнім – қазақ тілі. Бұл пәнді терең оқыған оқушының сауаты ашылады, ал сауаттылық адамды мүлдем басқа деңгейге көтереді. Болашақта қандай мамандық таңдасақ та, қазақ тілін жақсы меңгеру керек, бұндай қызметкерлер кез-келген жерде бағаланады.

Мен қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімді мұқият тыңдаймын. Ол дарынды және тәжірибелі ұстаз. Оның сабақтары көңілді өтеді. Сөздерді дәптерге әдемі және қатесіз жазуға тырысамын. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуына да назар аударамын. Қазіргі заманда, сөздік қоры төмен және мемлекеттік тілде нашар сөйлейтін адамдардың саны көбейіп келеді. Мұндай оқушыларға, келешекте сапалы жоғары білім алу қиынға соғады. Менің ойымша, бұл – мектептегі ең маңызды пән, себебі, ол бізге өмір бойы қажет болады.

Математика

Мен бұл пәнді бірінші сыныптан ұнатамын. Математика өмірдің барлық салаларында қажет. Біз оны күн сайын қолданамыз, мысалға, дүкеннен тауар сатып алу кезінде. Өскенде инженер немесе программист боламын деп армандайтын адам, математиканы терең білуі керек. Математика логикалық ойлауды дамытуға көмектеседі. Ол барлық ғылымдардың негізі болып табылады. Есептеуді білмесеңіз, физика, химия және биологияны оқып үйрену мүмкін емес. Бұл пән –  ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал етеді. Сондықтан, оған ерекше назар аударған жөн.

Бейнелеу өнері

Мектептегі барлық пәндердің арасындағы ең сүйіктім – ол бейнелеу өнері. Мен бұл сабақты асыға күтемін. Мұғалім берген тапсырманы, үлкен қуанышпен орындаймын. Әрине, кейбір кезде суретім үшін нашар баға алып қаламын, бірақ, ұстазыма ренжімеймін. Себебі, жақсы баға алу үшін, талпыныс көрсету керек екендігін түсінемін.

Біз натюрморттарды, пейзаждарды, адамдардың портреттерін және жануарларды бейнелейміз. Мен табиғаттың суретін салғанды ұнатамын. Суретімді ашық етіп салу үшін, сары және жасыл түсті қарындаштарды жиі қолданамын. Қоңырау шалынғаннан кейін, жұмысымызды мұғалімге тексеріске тапсырып, лайықты бағамызды аламыз.

Ұқсас: Менің хоббиім (эссе)