Менің хоббиім (эссе)

.jpg

Ұқсас: Менің арманым (эссе)

Сурет  салу

Әр адамның қандай да бір хоббиі бар. Мысалы, менің анам киім тоқығанды жақсы көреді, ал әкем балық аулауды ұнатады. Бұл олардың сүйікті ісі. Қазіргі заманның балалары, бос уақыттарын компьютерлік ойындарды ойнаумен өткізеді. Мен бұндай ойындарға құмар емеспін.

Менің бірнеше хоббиім бар, олар: кітап оқу, велосипед тебу және музыка тыңдау. Бірақ, ең негізгісі – ол сурет салу. Суре  салуды кішкентай кезден бастап жақсы көремін. Үлкендер, маған түрлі-түсті қарындаштар мен ақ парақтарды жиі сыйлайтын. Мен бұл парақтарға өсімдіктерді, жануарларды және адамдарды бейнелейтінмін.

Алғашқы суреттерім керемет болмаса да, сүйікті ісімді тастаған жоқпын. Шеберлігімді арттырудың арқасында, қазіргі суреттерімді бұрынғыдан гөрі жақсы саламын. Ең әдемі жұмыстарым, бөлмемде ілініп тұр. Болашақта, көркемсурет мектебіне оқуға түсіп, бүкіл өмірімді осы ісіме арнағым келеді.

Кітап оқу

Менің хоббиім – кітап оқу. Бұл маған үлкен рахат сыйлайды. Әдебиет әлемі қызықты әрі шексіз. Ол – менің ең жақсы және баға жетпес досым. Оны сапарға шыққанда үнемі өзіммен бірге алып жүремін. Қолымда керемет кітап болған кезде, мен ешқашан жалғыздықты сезінбеймін.

Өкінішке орай, қазіргі адамдар кітап оқуға құштар емес. Жастар түнгі клубтарға баруды немесе теледидар көруді жөн санайды. Олар үшін бұл қызықсыз және іш пыстыратын іс. Кітап оқитындарды мазақ қылатындар да жеткілікті. Бірақ, оқымайтын адамның сауаты және сөздік қоры нашар болады. Сондықтан, жасөспірімдерді кітап оқуға баулу керек деп ойлаймын.

Ұқсас: Менің мектебім (эссе)