Марал жануары жайлы мәлімет

Марал – асыл тұқымды бұғылардың қатарына кіретін керемет жануар. Оның мүйіздерінің ерекше емдік қасиеттері бүкіл әлемде бағаланады және басқа тіршілік иелерінде кездеспейді.

.jpg

Ұқсас: Ақбөкен туралы мәліметтер

Бұл жануардың салмағы 300-400 килограммға дейін жетеді. Денесінің ұзыңдығы – 2,5 метрден асады, ал биіктігі – 1,7 метр. Қысқы мезгілде жүнінің түсі сұр-қоңыр болып, көктемде қызғылт түске өзгереді.

Маралдың еті жұмсақ, дәмді, әрі емдік қасиеттерге бай. Бұғы етіндегі майдың өлшері өте аз, энергетикалық құндылығы 100 граммға 155 калорийді құрайды. Сонымен қатар, оның құрамында B1, B2, PP дәрумендері және натрий, фосфор, калий, кальций сияқты микроэлементтер бар. Дәрігерлер жүкті әйелдерге бұғы етін жеуге кеңес береді, өйткені ол жүрек, асқазан және ас қорыту жолдарының бұлшық еттері үшін пайдалы. Жүйелі түрде марал етімен тамақтанатын адамдар, қатерлі ісік ауруына сирек шалдығады.

Қуатты мүйіздерінің арқасында, ол кез-келген жыртқышқа төтеп бере алады. Тіпті қасқырлардың өзі, одан аулақ жүруге тырысады. Бірақ, бұғылар ежелден бері аңшылардың басты олжасы болғандықтан, олар адамдардан қорқады. Адамның иісін сезсе, баласын тастап қашып кетеді.

Маралдар, басқа бұғылар сияқты қоныс аударуды ұнатады. Қысқы мерзімде орманды жерлерді мекен етуді жақсы көреді. Олар шөпті өсімдіктермен, ағаштардың қабығымен және бұталармен қоректенеді. Сондай-ақ, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды және жидектерді рахаттана жейді. Ыстықты жек көреді. Жазғы мезгілде, күн сәулесінен жасырыну үшін, ағаштардың көлеңкесінен шықпайды.

Қазіргі уақытта, бұғының мүйіздері мен қанын қолданып, дәрілік заттар жасалады. Маралдың мүйіздерінің құны – үш мың доллар. Жаңа Зеландия, АҚШ және Қытайда миллиондаған маралдардың өсірілгеніне қарамастан, емдік қаисеттері тек Алтай маралдарында ғана бар. Көптеген ғасырлар бойы, денсаулықты нығайту үшін осы жануардың қаны қолданған. Ежелгі уақытта, оның көмегімен өлім төсегінде жатқан адамдарды емдеген.

Ұқсас: Қызыл кітап туралы мәліметтер