Мәңгілік ел қақпасы туралы мәлімет

«Мәңгілік ел» салтанат қақпасын, осы қалаға келген әрбір адам көруі керек. Ол қазіргі Қазақстан Республикасының жаңа символы.

.jpg

Ұқсас: Ата-бабаның асыл арманы (эссе)

«Мәңгілік Ел» қақпасы, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Ескерткішті тұрғызу идеясының авторы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Нысан 2011 жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылды. Құрылымның биіктігі – 20 метр, ол тәуелсіздікке 20 жыл толғандығын білідіреді. Оның төбесіне бұралмалы баспалдақтар арқылы көтерілуге болады. Сырты гранит пен мәрмәрдән жасалған. Құрылыс кезінде тек жоғары сапалы материалдар қолданылды.

Бүйір қабырғалары ою-өрнектермен безендірілген. Төменгі жағында 4 көлемді мүсін орналасқан. Олар – қазақ халқының тарихына үлкен үлес қосқан адамдардың бейнесі. Біріншісі – Ақсақал мүсіні, ол даналықтың символы. Екіншісі – Әйел-ана, ол мейірімділік пен жылылықтың белгісі. Үшінші және төртінші мүсіндерде қазақ батырларының ерліктері бейнеленген.

Жоғарғы жағында біздің еліміздің Елтаңбасы суреттеліп, ғимараттың ерекше мемлекеттік мәні бар екендігін көрсетеді. Бүйір бөліктерінде, бірлікпен пен қонақжайлықты білідіретін «Тай-Қазан» мүсіні орналасқан. Үстіңгі бөлігінде қазақ сарбаздарының қаруы «Қалқан» тұр. Ол сенімділіктің, тұрақтылықтың және сыртқы жаулардан қорғануға дайын болудың белгісі.

Құрылымды көруге келген көрермендер, бақылау алаңына көтерілмес бұрын, ел астанасының тарихымен танысуға және батырлардың керемет мүсіндерін тамашалауға мүмкіндік алады. Екі жағынан автомобиль жолдары өтуі себебінен, келушілерге ыңғайлы болу үшін жер асты өткелі қарастырылған.

Қақпаның ішкі жағында, халқымыздың әртүрлі кезеңде жеткен жетістіктері туралы рельефтік жазулар бар. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу тарихы мен қазақ халқының мұрасы, «Мәңгілік ел» қақпасының идеясына еңген.

Ұқсас: Түркістан қаласы туралы мәлімет