Майкл Джексон туралы 15 мәлімет

Майкл Джексон – тарихтағы ең үлкен жұлдыздардың бірі болды. Жұлдыз қайтыс болғаннан бері 9 жыл өтті, бірақ оның музыкасы мәңгілік есте қалады. Планетаның ең танымал әншісі жайлы қызықты деректерді еске алайық.

Ұқсас: Жігіт туралы мәліметтер

  1. 1997 жылы зерттеу нәтижесінде, әлемдегі ең танымал адам болып Майкл Джексон жарияланды.
  2. Майклдың ең сүйікті мультфильм кейіпкері – Пиноккио.
  3. Сахнаға алғаш рет 5 жасында шықты.
  4. Өмір бойы тапқан табысы 500 миллион доллар.
  5. Оның екінші есімі – Джозеф.
  6. 1992 жылы Кот-д’Ивуарда орындаушыға корольдік атақ берілді.
  7. MTV арнасындағы бейнеклипте көрсетілген алғашқы қара нәсілді адам, Майкл Джексон болды.
  8. Майкл Джексонның сүйікті үй жануары Бамбблс деп аталатын шимпанзе болды.
  9. 1984 жылы Thriller альбомы үшін Майкл, 7 «Грэмми» сыйлығына ие болды. Ол альбом әлемдегі ең көп сатылатын болып саналады (50 миллион дана сатылды).
  10. Әншінің ең ұнататын асы мексикалық тағамдар.
  11. 1993 жылы Опра Уинфридің бағдарламасында Майкл Джексон, бала кезінде жалғыздықтан зардап шеккенін мойындады.
  12. Әнші қайырымдылықты, өмірінің ең негізгі міндеті ретінде көрді. Ол 39 қайырымдылық ұйымға миллиондаған долларлар ақша бөлді.
  13. 90-шы жылдары Marvel Comics компаниясын сатып алуға тырысты. Ол Spider-Man рөлін орындауды армандаған.
  14. 1993 жылы әншінің дерматологы жұлдызда витилиго (тері ауруы) бар екенін ресми түрде мойындады.
  15. Мәліметтерге сәйкес, оған 11 пластикалық ота жасалған, оның ішінде мұрынға, тұмсыққа, жаққа және қасқа.

Ұқсас: Ғарыш туралы қызықты мәліметтер