Құрманың адам ағзасына пайдасы

Құрма пальмалары – б.з.д. 6000 жыл бұрын өсірілген. Бұл жемістің пайдасы туралы ежелгі заманнан бері белгілі. Қазіргі уақытта, оның 1500-ден астам түрі бар.

Фото: Pixabay

Сауд Арабиясы – құрманы өсіруден және сатудан әлемнің көшбасшы мемлекеті. Мұсылмандар үшін құрма – нанмен тең. Рамазан айында, ауыз ашуға арналған негізігі тағам болып саналады. Ерте заманда, араб жауынгерлері ұзақ сапарға аттанған кезде, өздерімен бірге 2-3 қап кептірілген құрма алып жүретін. Оның көмегімен сарбаздар күштерін қалпына келтірген.

Пайдасы

Ғылыми зерртеулерге сәйкес, ол жүкті әйелдерге пайдалы. Жүктіліктің соңғы айларында, жатырдың бұлшық еттерін күшейтеді. Соның арқасында, босану жеңіл болады. Сондай-ақ, ананың сүтін, баланың денсаулығына қажетті дәрумендермен байытады.

Жемістегі микроэлементтер – бауыр безінің жұмысын жақсартады. Ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді және гастритпен күреседі.

Иммунитеті төмен адамдарға жеуге ұсынылады. Суық тию, тұмау, жөтелді емдеуге және алдын алуға көмегін тигізеді.

Құрамында аминқышқыл триптофанның болуы, ұйқы гормоны – мелатонинның пайда болуына әкеледі. Ұйықтар алдында 5 құрма жесеңіз, тез ұйықтайсыз.

Ол – калий мен магнийға бай. Бұл компонеттер – жүректің бұлшық еттерін жақсартып, оның дұрыс соғуын қамтамасыз етеді.

Құрма – ішекті тазартады. Дәрумендерге бай болғандықтан, операциядан кейінгі кезеңде жүрген адамдар үшін пайдалы.

Күніне 1 құрмадан жеп отыратын болсаңыз, ол артериялды қысымды төмендетеді.

Құрамында – А дәрумені көп болу себебінен, шаш пен тырнақ, әдемі және мықты болып өседі.

Кейбір мәліметтер бойынша, тек қана су мен құрманы пайдалана отырып, 10 жыл бойы толыққанды өмір сүруге болады.

Құрманың балаларға тигізетін пайдасы: сүйектерін және тістерін нығайтады; жүрек ауруларының дамуына жол бермейді; ұйқыны нормаға келтіреді; қандағы гемоглобинның мөлшерін көбейтіп, анемияны болдыртпайды.