Көл туралы қызықты мәліметтер

Көл – мұхиттармен тікелей байланысы болмайтын су қоймасы. Кішігірім көлеміне қарамастан, маңындағы аумақтарға үлкен әсерін тигізеді.

.jpg
Фото: travelhub.kz

Көлдер туралы 15 мәлімет

  1. Дүние жүзіндегі тұщы су қорының 22%-ы Байқал көлінде. Сондай-ақ, ол ең терең (1642 м) және ең көне (25-35 миллион жыл) көл болып табылады.
  2. Өлі теңіз – әлемдегі ең тұзды көлге жатады. Соның салдарынан, онда тіршілік ететін организмдер өте аз.
  3. Таң қалдыратын мәлімет: Балқаш көлінің бір жартысы тұщы судан, ал екінші жартысы – тұзды судан тұрады.
  4. Тринидад және Тобаго мемлекетінде, сұйық асфальттан тұратын көл бар. Жергілікті тұрғындар – оны жол салу кезінде қолданады.
  5. Байқал көлінің жағалауында мекен ететін жануарлардың 70%-ын, басқа жерде кездестіре алмайсыз.
  6. Каспий және Өлі теңізді, көлдердің қатарына жатқызған жөн. Өйткені, олар мұхитпен қосылмаған.
  7. Қазіргі заманда, ауыл шаруашылығы немесе өнеркәсіптерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, көлдер жасанды түрде жасалады.
  8. Сатурн планетасының серігі Титанда көлдер табылды. Бірақ, олар судан емес, сұйық газдан тұрады.
  9. Тынық мұхитындағы Жартасты аралдар деп аталатын жердегі кішігірім көлде, 2 миллион медуза тіршілік етеді. Осыншама көп болуының себебі: жыртқыш жануарлардың болмауы.
  10. Судың тазалығы жағынан бірінші орынды –  Көгілдір көл алады.
  11. Никарагуа елінде акула мекен ететін әлемдегі жалғыз көл бар.
  12. Метеорит көлдері дегеніміз – астероид немесе метеориттің құлаған жерінен қалыптасқан су қоймасы.
  13. Әдетте көлдердің суы – тұщы, өйткені олар мұздықтардың еруінен пайда болған.
  14. Австралиядағы қызғылт түсті көлді, ең әдемі көлдердің қатарына жатқызуға болады. Бұл құбылыстың себебі әзірше белгісіз.
  15. Кунашир аралындағы үнемі қайнап жататын көлде, температура – 80 градусқа дейін көтеріліп тұрады. Соған қарамастан, оны жүзіп өткен адамдар баршылық.