Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Кенесары Қасымұлы – Абылай ханның немересі, мемлекет қайраткері және Қазақ хандығының соңғы билеушісі.

z

Кенесарының өмірбаяны

Қазақ халқының 1837-1847 жылдарындағы Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресінің басқарушысы – 1802 жылы қазіргі Ақмола облысының аумағында дүниеге келген. Оның әкесі Қасым – Орта жүздің сұлтаны болған.

Ол бала кезінен бастап әскери іске үлкен қызығушылық танытты. Соғыс туралы аңыз-әңгімелерді ұнатқан. Өзінің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерімен жұртқа танымал болды.

Бейбіт және еркін өмірді аңсаған Кенесары, атасы Абылай ханның ісін жалғастыратыны туралы ашық түрде мәлімдеді. Ресей империясы сияқты қуатты мемлекетке қарсы тұру үшін, қазақтың үш жүзінің басын біріктіру керек екендігін жақсы түсінді. Мақсатына жету үшін әскери ғана емес, сонымен қатар, саяси айла-әрекеттерді қолданды.

Көтерілістің себебі

Патша үкіметі қазақтарды оңай басқару үшін, оларды отырықшы өмір салтына көшіргісі келді. Сол себепті, Қазақ хандығының аумағында әскери бекіністер салына бастады. Бұл әрекет халық арасында жаппай назарылық тудырды, өйткені бекіністер жайылымдарды азайтып, малдардың қырылуына әкелді. Ал, 1822 жылғы Жарлықтан кейін, Қазақстанның солтүстік аймақтары өз тәуелсіздігін жоғалтып, жергілікті тұрғындарға егіншілік және мал шаруашылығымен айналысуға шектеу қойылды.

Қасым сұлтан, жүргізіліп жатқан реформаларға қарсылық білдіріп, ұлдары Саржан, Есенгелді және Кенесарымен бірге Қоқан хандығына қоныс аударды. Алайда, 1836 жылы келіссөздер барысында, Саржан мен Есенгелді опасыздықпен өлтірілді. Қасым Ұлы-Тау шатқалына көшуге мәжбүр болды. Бірақ, аз уақыттан кейін, өзбектер оның да көзін жойды.

Әкесі мен ағаларынан айырылған соң, Кенесары халықтың басын біріктіріп, жауларға қарсы қарулы қақтығысты бастауға дайындалды. Көтеріліске қазақ қоғамының барлық тобы қатысты (ақсүйектер, егіншілер, шаруалар, жатақшылар, кедейлер). Олардың жалпы саны – 20 мыңға жетті.

Басталуы

Кенесарының әскері 1837 жылы Ақтау бекінісіне шабуыл жасады, ал 1838 жылы Ақтөбе бекінісін қоршауға алды. Қоқан хандығының бірнеше бекетін басып алғаннан кейін, Кенесарының есімі бүкіл елге таралды. Ол мемлекет тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында, сыртқы және ішкі жауларымен қатал күрес жүргізді. Абылайдың ұстанымдарына сүйене отырып, өз елінде қатаң тәртіп орнатуға тырысты. Көтерілісшілер 1841 жылы өткен құрылтайда оны хан деп жариялады.

1846 жылдың аяғында орыс әскеріне тойтарыс бере алмай, артқа жылжып, Іле өзеніндегі түбекті басып алды. 1847 жылы Орта Жүз қазақтары Ресейдің қол астына өтіп, Кенесарыны қолдайтын адамдардың саны күрт азайды. Қырғызстанға әскери жорықтар жасау арқылы жағдайды жақсартуды көздеп, шекарадан шықты. Алайда, шайқастардың бірінде қолға түсіп, көп ұзамай көз жұмды. Қырғыздар Кенесары ханның басын кесіп, орыс князі Горчаковқа жеткізді. Осылайша, 10 жылға созылған көтеріліс жеңіліске ұшарады.

Ұқсас: Абылай хан туралы мәлімет